• Имамның өмірі

    Имам Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, шейхтары

    Сол кезден бастап Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, өзінің шейхы Хәммадқа қалмай ілесті, ал ол оны Абу Ханифа есте сақтауымен және жақсы тәрбиесімен  өз құрдастарын және шейхтың үйірмесіне өзінен бұрынырақ қосылғандардан асып түскенше фиқһқа үйретті, осы себепті шейх оны өзіне жақындатты да, оны мәжілістің ортасына отырғызатын болды. Оның өз шейхына деген қатынасы таң қалдырады. Мысалы, ол шейхтың үйіне келетін және ол намазға немесе қандай да бір істермен шыққанынша оны есігінің алдында күтетін, ал ол шыққан соң Абу Ханифа оған сұрақтарын қойып, оның жанында жүретін. Шейх өзінің жұмыстарымен шыққан кезде, ол оған қызмет жасайтын, ал Абу Ханифа өз үйінде отырған кезде тіпті шейхының үйіне қарата аяғын созудан тартынатын. Абу…