• Ақида,  Бұрмалаулар,  Фиқһ мәселелері

    Қабірлерді әйелдердің зиярат етуі туралы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он бесінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Осыдан бұрын оқыған тараулардан өз елді-мекеніңдегі қабірді зиярат ету мен өзге елді-мекендегі қабірді зиярат етуге жолға шығудың арасында айырмашылық бар екендігі түсінікті болды. Мәселе: Түркістанға сапар ұйымдастырушылар ғалымдардың көпшілігі, соның ішінде имам Абу Ханифа да, әйел адамға кез-келген сапарға, тіпті бұл сапар ерікті қажылық секілді рұқсат етілген сапар болса да, жақын (махрам) туысқанысыз шығуға тыйым салатынына мүлде назар бұрмайды. Қз.: «Хашия ибн ‘Абидин» 2/465.