• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (30)

    (Қажеттілік туындаған жағдайда) имамның есіне (Құранның аяттарын) салу туралы «الفَتْحُ عَلَى الإِمَامِ»   Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер имам (Құран ) оқығанда жаңылысса, оның есіне (Құранның аяттарын) салу қажет екендігін бекітті.  Мысалы, бірде «ол намазында (Құранды) дауыстап  оқып жатып, жаңылысты.  (Намазды) аяқтап болған соң ол Убаййдан: «Сен бізбен бірге намаз орындадың ба?», — деп сұрады. Ол: «Иә», — деп жауап берді. (Сонда) ол: «Ендеше, саған [менің есіме салуға] не кедергі болды?», — деді[1].