• Әдіснама,  Бұрмалаулар,  Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей (4)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты еңбегін жариялауды жалғастырамыз. Күмәндар және оларға жауап Жоғарыда баяндалғанның барлығы мен бұдан он жыл бұрын осы кітаптың кіріспесінде жазған нәрселерім болып табылады. Осы өткен уақыт ішінде сөздеріміз иманды жастарға игі әсер еткені, олардың діндері мен құлшылықтарында Исламның саф (кіршіксіз) дереккөздері болған Құран мен Сүннетке қайтудың қажеттілігіне жол көрсеткені бізге белгілі болды. Нәтижесінде олардың арасында, Аллаһқа (осы үшін) мақтау-мадақтар болсын, Сүннетке амал етіп, құлшылықтарын Сүннетке негіздеушілер көбейіп, осы арқылы танымал болып кеткендері де бар. Десек те, олардың (жастардың) кейбірінен  Сүннетке сәйкес амал жасаудан шегінгенін байқадым. Алайда олар өздеріне келтірілген дәлелдер мен имамдардың…