• Ақида,  Бұрмалаулар

    Адамдардың белгілі бір оқиғаның құрметіне белгілі бір жерде тұрақты және мерзімді түрде жиналуы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он бірінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Мынау – тараудың атында айтылатын нәрсенің орын алып жатқандығын дәлелдейтін ғаламтордан алынған кейбір үзінділер: «Түркістанда   орта ғасырдан   бүгінге  жеткен   танымал  өнер  туындысы — Тайқазанның      елге оралуының   20 жылдығы  атап өтілді. Қалада  өткен  салтанатты шараларға тарихшылар, мәдениет қайраткерлері, жастар өкілдері   шақырылды. 1935 жылы қазанды Санкт-Петербордағы атақты мұражай Эрмитажға, Иран шеберлерінің III-халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрған  Тайқазан 1989 жылы, қыркүйектің 18-де ғана елге  қайтарылды. Бұл күнде Тайқазан ғасырлар бойы мемлекетіміздің жүрегі саналып келген, рухани астанамыз – киелі Түркістан қаласындағы әулиелердің сұлтаны Құл Қожа Ахмет…