• Имамның өмірі

    Имамның, Аллаһ оны рахым етсін, қайтыс болуы

    Әл-Мууаффақ Абу Йусуфтың былай деп айтқанын жеткізеді: «Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, хижра бойынша 150 жылдың шәууал айында қайтыс болды». Әл-Мууаффақ Абу Хаййян әз-Зийадидің былай дегенін жеткізеді: «Абу Ханифа өлімі жақындағанын сезген кезде, сәжде жасағаны және сол кезде оның жаны тәнінен айырылғаны маған жетті». Имамды соңғы сапарға шығарып салуға жалпы саны елу мыңға жеткен өте көп адамдар жиналғандығы туралы деректер айтылған. Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтатын: «Ақиқатында, Аллаһ жай Өзінің құлдарын білімнен айырып қана білімді алып кетпейді, бірақ Ол білімділерді алып кетіп, білімді алып кетеді. Ал Ол бірде-бір ғалымды тірі қалдырмаған кезде, адамдар өздеріне надан жетекшілерді сайлай бастайды. Оларға сұрақ қояды, ал…