Ақида

Төрт имамның ақидасы негізінде бір екендігі туралы

Төрт имамның – Абу Ханифаның, Мәликтің, әш-Шәфи’идің және Ахмадтың ақидасы Құран мен Сүннетте баяндалғанға сәйкес келеді. Олардың ақидасы сахабалардың және олардың ізінен шын ықыласпен ауытқымай ілескен ізбасарларының ұстанған көзқарастарына да сәйкес келеді.  Бұл имамдардың арасында дін негіздері мәселелеріне қатысты ешқандай келіспеушіліктер жоқ. Олар Раббының сипаттарына және Құран – Аллаһтың сөзі болып табылып, жаратылмағанына иман келтіру жөнінде бірауызды келіскен. Имамдардың көзқарастарына сәйкес иманның міндетті шарты болып тілмен және жүрекпен растау болып табылады. Олардың барлығы грек пәлсапасының және қаламға негізделген пікірлердің ықпалында жүрген жәхмилерден және басқа секталардан болған қаламның жақтаушыларын сөгетін.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Алайда Аллаһтың Өз құлдарына деген рахымы – бұл үмметтің имамдарының, мысалы, төрт имамның және басқалардың (ғалымдар) өз сөздерінде шыншыл болуында. Бұл имамдардың әрбірі мұсылман үмметінің алғашқы ұрпақтарынан болған салиқалы сәлафтар (мұсылман үмметінің алдынғы буынының салиқалы өкілдері) ұстанған ақидаға ие еді. Олардың барлығы «Аллаһты болашақ өмірде көруге болады», «Құран — Аллаһтың Сөзі болған күйінде жаратылмаған» және «Иманның міндетті шарты оны жүрекпен және тілмен растау болып табылады» дегенге бірауызды келіскен». Қз.: «Китаб әл-Иман»,  350-351, «әл-Мухамадиййя» баспасы. Мухаммад әл-Харрастың түсіндірмесімен.

Ибн Таймийя сондай-ақ былай деген: “Барлық атақты имамдар Аллаһтың сипаттарын растайды және: «Ақиқатында, Құран – Аллаһтың Сөзі және ол жаратылған болып табылмайды», — деп айтады. Олар сондай-ақ: «Аллаһты болашақ өмірде көруге болады», — деп айтады. Сахабалардың және олардың ізінен ықыласты түрде және ауытқымай ілескен мұсылмандардың: мейлі олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ұрпақтарынан немесе басқа адамдардан болсын — мазһабы осындай. Мұсылмандар олардың өнегесіне ілескен Мәлик ибн Әнас, әс-Саури, әл-Ләйс бин Сағд, әл-Аузағи, Абу Ханифа, әш-Шәфи’и және Ахмад сынды имамдардың мазһабы да осындай болып табылады…” Қз.: «Минһаж әс-Сунна» (2/106).

Имам әш-Шәфи’идің ақидасы туралы сұраққа шейх әл-Ислам Ибн Таймийя былай деп жауап берген: «Әш-Шәфи’идің, Аллаһ оны рахым етсін, және бұл үмметтің сәлафтарының (алдынғы буын өкілдерінің), мысалы,  Мәликтің, әс-Сауридің, әл-Аузағидің, Ибн әл-Мубарактың, Ахмад бин Хәнбалдің, Исхақ бин Рахауайхтың ақидасы, адамдарға өнеге болып табылатын имамдар — Фудайл бин Ийядтың, Абу Сулайман әд-Даранидің, Сәхл бин Абдуллаһ әт-Тустаридің және басқалардың ақидасындай. Ақиқатында, бұл имамдардың арасында да, осы сияқты ғалымдарда да дін негіздерінде ешқандай пікірталастар және келіспеушіліктер болмаған. Бұл тізімге Абу Ханифа да, Аллаһ Тағала оған рахым етсін, кіреді, өйткені оның бірқұдайшылық (таухид), тағдыр т.б. мәселелердегі ақидасы жоғарыда аталған имамдардың ақидасына сәйкес болғаны сахих түрде  бекітілген, ал олардың ақидасы, өз кезегінде, сахабалар және олардың ізбасарлары (табиғиндер) ұстанған сенімге сәйкес келетін еді. Ал сахабалардың және табиғиндердің ақидасы Құран мен Сүннетте баяндалған нәрселерден құралатын». Қз.: «Мәжму’ әл-Фәтауа» ( 5/256).

Атақты ғалым Сыддық Хасан Хан да дәл осыған нұсқап, былай деген: «Біздің мазһабымыз – бұл мұсылмандардың алғашқы буынынан болған салиқалы сәлафтардың мазһабы. Біз Аллаһтың есімдері мен сипаттарын еш нәрсеге ұқсатпай (теңдестірмей) (била тәшбих[1]) бекітеміз және Аллаһтың есімдері мен сипаттарын олардың мәндік мағынасынан айырмай (билә та’тыл[2]) тазартамыз. Ислам дінінің имамдары — Мәликтің, әш-Шәфи’идің, әс-Сәуридің, ибн әл-Мубарактың, Ахмадтың… тағы да басқалардың мазһабы осындай еді. Ақиқатында, олардың арасында діннің негіздері бойынша айтыстар да, келіспеушіліктер де болмаған. Тура соны Абу Ханифа туралы да, Аллаһ оны рахым етсін,  айтуға болады, өйткені бізге сахих түрде жеткендей, оның ақидасы басқа имамдардың Құран мен Сүннетте баяндалғаннан құралған ақидасына сәйкес келетін еді…» Қз.: «Катф әс-Самар», 47-48.

Алынған көзі: «Вероубеждение четырех имамов: Абу Ханифы, Малика, аш-Шафи’и и Ахмада»

 

[1] Тәшбих (сөзбе-сөз: «ұқсату, теңдестіру, бірдей көру») — Аллаһты біреуге болсын, бір нәрсеге болсын ұқсату (теңдестіру). Ұқсатудың (теңдестірудің) үш түрін теріске шығару (мойындамау) керек: (1) өзін Аллаһқа ұқсату (теңдестіру); (2) жаратылғанды Аллаһқа ұқсату (теңдестіру); (3) Аллаһты жаратылысқа ұқсату (теңдестіру).

[2] Та’тыл — сөзбе-сөз: «айыру, алып қою». Аллаһтың есімдері мен сипаттарын мән- мағынасынан айыру бағдарлы идеясын қамтыған мазмұны бойынша кең термин.