Фиқһ мәселелері

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (11)

Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз.

Мінбер үстінде орындалатын намаз туралы[1]

«الصَّلاَةُ عَلَى اْلمِنْبَرِ»

«Бірде ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды мінберде (бұл хадистің басқа бір нұсқасында «…үш баспалдағы бар»[2] деп айтылады) тұрып орындады. Және [ол оның үстіне тұрды да, тәкбір айтты, ал оның соңынан тәкбірді адамдар да айтты, ал оның өзі мінберде еді,] [кейін ол мінберде тұрып рукуғ жасады,] кейін ол басын көтерді де, артқа қарай жүріп, төменге түсті[3] және мінбердің төмен жағында сәжде жасады. Содан соң ол (қайтадан) (мінберге) қайтып, [намазды аяқтағанынша соның үстінде бірінші ракағатта орындаған нәрселерді орындады]. Содан соң ол адамдарға бұрылып, былай деді:

«يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّمَا صَنَعْتُ هَذَا لِتَأْتَمُّوا بِى وَلِتَعْلَمُوا صَلاَتِى».

«Уа, адамдар!  Мен мұны сендер маған ілесулерің үшін және менен намазымды үйренулерің үшін істедім».[4]


[1] Қз.: Ескертпе № 2.

[2] Мінберге үш баспалдақ қою және оларды үшеуден көбейтпеу – Сүннет. Баспалдақтардың санын көбейту – бұл жиі жағдайда намаздағы саптың бөлінуіне алып келетін, Умайя әулеті кезінде дінге енгізілген жаңалық (бидғат). Бұдан қашып құтылу үшін, мінберді мешіттің батыс бұрышына немесе михрабқа (мешіттің қабырғасының ішіне жасалған Мекке жаққа қараған намаз оқитын орын — Аудармашының ескертпесі) орналастырады. Бұл — тағы да бір діни бидғат. Бұл үкім саты арқылы көтерілетін балкон түрінде, осы қабырғаға жабыстырылып жасалған мінберге де қатысты, ал ең жақсы Басшылық – бұл Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басшылығы. Қз.: «Фәтх әл-Бәри» (2/331).

[3] (Намазда) Қыблаға арқамен бұрылмау үшін (Аудармашының ескертпесі).

[4] Әл-Бухари, Муслим (ол бұл хадистің басқа нұсқасын келтірген) және Ибн Са’д (1/253). Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (545) кітабында келтірілген.

жалғасы бар