Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (40)

Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз.

Соңғы тәшаһһуд

«التَّشَهُدُ الأَخِيْرُ»

Осы тәшаһһудтың міндеттілігі туралы

«وُجُوبُ هَذَا التَّشَهُدِ»

Төртінші ракағатты аяқтай келе, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы тәшаһһудты айту үшін отыратын. Онда «ол «мутауаррик» үлгісінде отырудан басқасын (айтпағанда), бірінші тәшаһһудта істейтіннің барлығын бұйырды әрі істейтін[1]: (яғни) «оның сол балтырының үстіңгі бөлігі жерде болатын, ал екі аяғы бір жаққа (яғни оң жаққа) шығарылатын»[2]); «ол сол аяғын (оң аяғының) балтыры мен санының астына өткізетін»[3], «оң аяғының (табанын) тік тұрғызатын»[4], ал кейде «ол оны жерге төсейтін»[5], (осы кезде) «оның сол алақаны сол тізесін жабатын, әрі ол оған қатты сүйенетін»[6].

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы тәшаһһудта бірінші тәшаһһудтағыдай өзі үшін салауат айтып Аллаһқа жалбарынуды бұйыратын; ал ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үшін  қалай дұға ету керектігі туралы тиісті тарауда түсіндірілген болатын.

Осы тәшаһһудта Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтып Аллаһқа жалбарынудың міндеттілігі туралы

«وُجُوبُ الصَّلاَةِ عَلَى النَّبِيِّ»

Бірде «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір адамның өз намазында бірінші кезекте Аллаһ Тағаланы мақтап-мадақтамастан және Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтпастан Аллаһқа дұға етіп жалбарына бастағанын естіп: «Бұл (адам) асығыстық жасады!», — деп айтты да, содан соң оны өзінің жанына шақырып алып, оған (немесе басқа біреуге):

«إِذَا صَلَّى أَحَدُكُمْ فَلْيَبْدَأْ بِتَحْمِيدِ رَبِّهِ عَزَّ وَجَلَّ، وَالثَّنَاءِ عَلَيْهِ، ثُمَّ لِيُصَلِّ عَلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ثُمَّ لِيَدْعُ بَعْدُ بِمَا شَاءَ».

«Сендердің біреулерің Аллаһқа дұға етіп жалбарынғысы келсе, Пәк Раббысына мақтау-мадақ айтудан бастасын да, Оны пәктеп-дәріптесін, содан соң  Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) игілік (басқа бір нұсқада: «… береке») тілесін, ал содан соң ғана қалағанын сұрасын», — деді[7].

Сондай-ақ (бірде) «ол бір адамның намазда Аллаһты мақтап-мадақтағанын және пәктеп-дәріптегенін, әрі Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) игілік-береке тілегенін (салауат айтқанын) естіп, оған: «Аллаһқа дұғаңмен (жалбарын), әрі Ол саған жауап береді! Аллаһтан сұра, әрі Ол саған сұрағаныңды береді!»[8], — деген.

 Сәлем беруге дейін айтылатын дұғалардан бұрын Аллаһтан төрт нәрседен пана тілеп жалбарынудың міндеттілігі туралы

«وُجُوبُ الاِسْتِعَاذَةِ مِنْ أَرْبَعٍ قَبْلَ الدُّعَاءِ»

 Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Сендерден кім  [соңғы] тәшаһһудты оқуды аяқтаса, Аллаһтан төрт нәрседен пана сұрап, былай деп айтсын:

«اللَّهُمَّ! إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ جَهَنَّمَ، وَمِنْ عَذَابِ القَبْرِ، وَمِنْ فِتْنَةِ المَحْيَا وَالمَمَاتِ، وَمِنْ شَرِّ [فِتْنَةِ] المَسِيحِ الدَّجَّالِ».

Аллаһуммә, инни а‘узу би-кә мин ‘азәби жәһаннәмә, уа мин ‘азәби-л-қабри, уа мин фитнәти-л-мәхйя уәл-мәмәти, уа мин шәрри [фитнәти-] л-мәсиихи-д-дәжжәл.

«Уа, Аллаһ, мен Өзіңе қабір азабынан, Жәһаннам (Тозақ) азабынан, өмір мен өлім бүлігінен және Дәжжәл бүлігінен пана тілеп сыйынамын».  [«Кейін ол өзі үшін қалаған дұғасын айтып жалбарынсын]»[9].

«Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің тәшаһһудында Аллаһқа осы дұғамен жалбарынатын»[10].

Бұдан тыс, «ол өзінің сахабаларына (Аллаһ оларға разы болсын) Құранның сүрелерін қалай үйреткен болса, осыны да солай үйреткен»[11].

 Сәлем беру сөздерін айтудан бұрын Аллаһқа жалбарынып айтылатын дұғалардың түрлі үлгілері

«الدُّعَاءُ قَبْلَ السَّلاَمِ وَأَنْوَاعُهُ»

 Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз намазында Аллаһқа әртүрлі дұғалар арқылы жалбарынатын[12], әрі әр дұғаны әртүрлі уақытта айтатын; ол сондай-ақ Аллаһқа басқа дұғалармен жалбарынуды да бұйыратын және «намаз орындаушыға оның өзі қалаған дұғаны таңдап алуын бұйыратын»[13]. Бұл дұғалар төменде келтіріледі:

1.«اللَّهُمَّ! إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ القَبْرِ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ المَسِيحِ الدَّجَّالِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ المَحْيَا وَالمَمَاتِ؛ اللَّهُمَّ! إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ المأَثَمِ وَالمَغْرَمِ».

Аллаһуммә, инни а‘узу би-кә мин ‘азәби-л-қабри, уа а‘узу би-кә мин фитнәти-л-Мәсихи-д-Дәжжәли, уә а‘узу би-кә мин фитнәти-л-мәхйя уәл-мәмәти. Аллаһуммә, инни а‘узу би-кә мин әл-мә’сәми уәл-мәғрам.

«Уа, Аллаһ, ақиқатында, мен Өзіне қабір азабынан пана тілеп сыйынамын. Сондай-ақ, мен Өзіңе Мәсих Дәжжәлдің бүлігінен және өмір мен өлімнің бүгінінен пана тілеп сыйынамын! Уа, Аллаһ, шын мәнінде, мен Өзіңе күнәдан[14]  және қарыздан[15] сыйынамын».[16]

  2.« اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا عَمِلْتُ، وَمِنْ شَرِّ مَا لَمْ أَعْمَل [بَعْدُ]».

Аллаһуммә, инни а‘узу би-кә мин шәрри мә ‘амилту, уа мин шәрри мә ләм а‘мәл [бә’ду].

«Уа, Аллаһ, ақиқатында, мен Өзіңе істеген істерімнің жамандығынан және [әлі] істемеген істерімнің жамандығынан пана тілеп сыйынамын[17]».[18]

 3.«اللَّهُمَّ! حَاسِبْنِي حِسَاباً يَسِيْراً».

Аллаһуммә, хәсибни хисәбән йасиран.

«Уа, Аллаһ, менен жеңіл есеппен есеп ал!»[19]

 4.«اللَّهُمَّ! بِعِلْمِكَ الغَيْبِ وَقُدْرَتِكَ عَلَى الخَلْقِ، أَحْيِنِي مِا عَلِمْتَ الحَيَاةَ خَيْراً لِي، وَتَوَفَّنِي إِذَا عَلِمْتَ الوَفَاةَ خَيْراً لِي، اللَّهُمَّ! وَأَسْأَلُكَ خَشْيَتَكَ فِي الغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ، وَأَسْأَلُكَ كَلِمَةَ الحَقِّ (الحُكْمِ) وَالعَدْلِ فِي الغَضَبِ وَالرَّضَا، وَأَسْأَلُكَ القَصْدَ فِي الفَقْرِ وَالغِنَى، وَأَسْأَلُكَ نَعِيمًا لاَ يَبِيدُ، وَأَسْأَلُكَ قُرَّةَ عَيْنٍ لاَ تَنْفَذُ وَلاَ تَنْقَطِعُ، وَأَسْأَلُكَ الرِّضَى بَعْدَ القَضَاءِ، وَأَسْأَلُكَ بَرْدَ العَيْشِ بَعْدَ الموْتِ، وَأَسْأَلُكَ لَذَّةَ النَّظَرِ إِلى وَجْهِكَ، وَأَسْأَلُكَ الشَّوْقَ إِلى لِقَائِكَ فِي غَيْرِ ضَرَّاءَ مُضِرَّةٍ وَلاَ فِتْنَةٍ مُضِلَّةٍ، اللَّهُمَّ! زَيِّنَّا بِزِيْنَةِ الإِيْمَانِ وَاجْعَلْنَا هُدَاةً مُهْتَدِينَ»..

 Аллаһуммә, би-‘илми-кә-л-ғайби, уа қудрати-кә ‘алә-л-халқи, әхйи-ни мә ‘алимтә-л-хәйатә хайран ли, уа тәуаффәни изә кәнәти-л-уафәту хайран ли! Аллаһуммә, уа әс’алю-кә хашйята-кә фи-л-ғайби уа-ш-шәһадәти, уа әс’алю-кә кәлимәтә-л-хаққи [басқа бір нұсқада: …әл-хукми] уәл-‘адлә фи-л-ғадаби уар-рида, уа әс’алю-кә-л-қасдә фи-л-фәқри уал-ғинә, уа әс’алю-кә нә‘имән лә йәбиду, уа әс’алю-кә қуррата ‘айнин [лә тәнфәзу, уа] лә танқаты‘у, уа әс’алю-кә-р-ридә бә‘дә-л-қада-и, уа әс’алю-кә бәрда-л-‘айши бә‘дә-л-мәути, уа әс’алю-кә ләззәтә-н-нәзри илә уәжхи-кә, уа [әс’алю-кә-] ш-шәуқа илә лиқаи-кә фи ғайри дарра’ин мудырратән уа лә фитнәтин мудылләтин! Аллаһуммә, зәййиннә би-зийнә-ти-л-имәни, уәж‘әл-нә һудатан муһтадийн.

«Уа, Аллаһ, егер көместі білгендігіңмен және жарату құдіреттілігіңмен тіршілікті мен үшін қайырлы деп білсең, маған өмір бере гөр, ал егер өлімді мен үшін қайырлы көрсең, маған өлім бере гөр деп сұраймын. Уа, Аллаһ, ақиқатында, мені әшкере және жасырын (істерімде) Өзіңнен қорқатын (пенделеріңнен) етуіңді сұраймын. Әрі риза болғанымда да, ашуланған шағымда да шын [басқа бір нұсқада: «…дана»] және әділетті (сөздерді айтуымды нәсіп ет). Сонымен қатар бай-дәулетті болғанымда, әрі жарлылық (шағымда да) бір қалыпты орта болуымды сұраймын. Сенен [таусылмайтын] нығмет (бақ) сұраймын әрі үзілмейтін қуаныш сұраймын, тағдырға болған оқиғадан (қазадан) кейін (оған) ризалықты, өлімнен кейін бақыт сұраймын. Сенің Дидарыңды көру ләззатын, зиянды қайғыларсыз, адастыратын бүліктерсіз ­Өзіңе жолығуға деген құштарлықты [сұраймын]. Уа, Аллаһ, бізді иман көркемділігімен көркейте гөр, әрі бізді тура жолды ұстаған жетекшілерден ете гөр»[20].

5. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абу Бәкр әс-Сыддыққа (оған Аллаһ разы болсын) келесі дұғаны үйретті:

«اللَّهُمَّإِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي ظُلْمَا كَثِيْرًا، وَلاَ يَغْفْرُ الذُّنُوبَ إلاَّ أَنْتَ، فَاغْفِرْ لِي مَغْفِرَةً مِنْ عِنْدِكَ، وَارْحَمْنِي، إِنَّكَ أَنْتَ الغَفُورُ الرَّحِيْمُ».

Аллаһуммә, инни заләмту нәфси зулмән кәсиран, уа лә йяғфиру-з-зунубә иллә Әнтә, фә-ғфир ли мәғфиратан мин ‘инди-кә уа-рхам-ни, иннә-кә Әнтә-л-Ғафуру-р-Рахим.

«Уа, Аллаһ, ақиқатында өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларымды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ! Өз жарылқауыңмен мені кешір де, маған рақым ет. Расында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Мейірімдісің!»[21].

6. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аишаға (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтуды бұйырды:

«اللَّهُمَّ! إِنِّي أَسْأَلُكَ مِنَ الخَيْرِ كُلِّهِ [عَاجِلِهِ وَآجِلِهِ]؛ مَا عَلِمْتُ مِنْهُ وَمَا لَمْ أَعلَم، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الشَّرِّ كُلِّهِ، [عَاجِلِهِ وَآجِلِهِ]؛ مَا عَلِمْتُ مِنْهُ وَمَا لَمْ أَعلَم. وَأَسْأَلُكَ (اللَّهُمَّ! إِنِّي أَسْأَلُكَ) الجَنَّةَ وَمَا قَرَّبَ إِلَيْهَا مِنْ قَوْلٍ أَوْعَمَلٍ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ النَّارِ وَمَا قَرَّبَ إِلَيْهَا مِنْ قَوْلٍ أَوْعَمَلٍ، وَأَسْأَلُكَ (اللَّهُمَّ! إِنِّي أَسْأَلُكَ) مِنْ خَيْرِ مَا سَأَلَكَ عَبْدُكَ وَرَسُولُكَ [مُحَمَّدٌ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا اسْتَعَاذَكَ مِنْهُ عَبْدُكَ وَرَسُولُكَ مُحَمَّدٌ ]، [وَأَسْأَلُكَ] مَا قَضَيْتَ لِي مِنْ أَمْرٍ أَنْ تَجْعَلَ عَاقِبَتُه [لِي] رُشْدَاً».

Аллаһуммә, инни ас’алю-кә мин-әл-хайри кулли-һи [‘ажилиһи уа әжилиһи) мә ‘алимту мин-һу уа мә ләм а‘ләм, уа ә‘узу би-кә мин-әш-шәрри куллиһи [‘ажилиһи уә әжилиһи] мә ‘алимту мин-һу уа мә ләм а‘ләм, уа ас’алю-кә [хадистің басқа бір нұсқасында: Аллаһуммә, инни әс’алю-кә]-л-жәннәтә уа мә қаррабә иләй-һә мин қаулин әу ‘амәлин, уа а‘узу би-кә мин ән-нәри уа мә қаррабә иләй-һа мин қаулин әу ‘амәлин, уа әс’алю-кә [хадистің басқа бір нұсқасында: Аллаһуммә инни әс’алю-кә] мин [әл-] хайри мә са’аләә ‘абду-кә уа расулю-кә [Мухаммадун, уа а‘узу би-кә мин шәрри мә исти‘аза-кә мин-һу ‘абду-кә уа расулю-кә Мухаммадун, сәллә-Ллаһу ‘аләйһи уа сәлләм], [уа әс’алю-кә] мә қадайтә ли мин әмрин ән тәж‘алә ‘ақибәтәһу [ли] рушдән.

«Уа, Аллаһ, мен Сенен кез келген [қазіргі әрі болашақтағы] мен ол туралы білетін және білмейтін игілікті сұраймын. Әрі мен Саған кез келген [қазіргі әрі болашақтағы] мен ол туралы білетін және білмейтін жамандықтан пана тілеп сыйынамын. Және мен Сенен [хадистің басқа бір нұсқасында: «Уа, Аллаһ, ақиқатында мен Сенен…»] Жәннат пен оған жақындататын сөздерді немесе амалдарды сұраймын; және мен Оттан әрі оған жақындататын сөздер мен амалдардан пана тілеп Саған сыйынамын. Және мен Сенен [хадистің басқа нұсқасында: «Уа, Аллаһ, ақиқатында, мен Сенен…] құлың және елшің [Мухаммад] сұраған игіліктерді сұраймын, және мен  құлың әрі елшің  [Мухаммад, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!] пана тілеп Саған сыйынған нәрселерден Өзіңе сыйынамын, [және мен] Сен [мен үшін] алдын ала шешіп қойған істің соңы салиқалы болуын сұраймын»[22].

7. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір кісіден: «Сен намаз орындаған кезіңде не оқисың?», — деп сұрады.  Ол: «Мен куәлік сөздерін (тәшаһһуд) айтамын, Аллаһтан Жәннатты сұрап, Оған Оттан пана тілеп сыйынамын.  Алайда, Аллаһпен ант етемін, менің былдырым  (дандана[23]) не сенікі, не Му‘аздікі сияқты жақсы емес!», — деп жауап берді. Сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Біз де тура соны сұраймыз», — деп айтты[24].

7. (Бірде) ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір адамның тәшаһһудта келесі сөздерді айтқанын естіді:

«اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ يَا اللهُ (بِاللهِ) [الوَاحِدُ] الأَحَدُ الصَّمَدُ الذِّي لَم يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ، وَلَم يَكُنْ لَهُ كُفُواً أُحَد ! أَنْ تَغْفِرَ لِي ذُنُوبِي، إِنَّكَ أَنْتَ الغَفُورُ الرَّحِيمُ».

Аллаһуммә, инни ас’алю-кә, йә Аллаһу, [басқа бір нұсқада: би-Лләһи] л-Уахиду,] әл-Ахаду, әс-Самаду, әлләзи ләм йялид уа ләм йуләд уа ләм йякул-лә-һу куфууан ахад, — ән тағфира ли зунуби, иннә-кә Әнтә-л-Ғафуру-р-Рахим!

«Уа, Аллаһ, ақиқатында, мен Сенен: «Уа, Аллаһ, Сен — [Дарасың], Жалғызсың, ешкімге және еш нәрсеге мұқтаж емессің, сондай-ақ тумағансың әрі туылмағансың, әрі Саған ешкім тең емес», — (дей отырып) менің күнәларымды кешіруіңді сұраймын.  Ақиқатында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Мейірімдісің!» Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол кешірілді, ол кешірілді!», — деді[25].

9. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа бір адамның тәшаһһудта былай деп айтқанын естіген:

«اللَّهُمَّ! إِنِّي أَسْأَلُكَ بِأَنَّ لَكَ الحَمْدُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ [وَحْدَكَ لاَ شَرِيْكَ لَكَ]، [الَمنَّانُ]، [يَا] بَدِيعَ السَّمَاوَاتِ وَالأرَضِ! يَا ذَا الجَلاَلِ وَالإِكْرَامِ! يَا حَيَّ يَا قَيّومَ! [إِنِّي أَسْأَلُكَ] [الجَنَّةَ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ النَّارِ]».

Аллаһуммә, инни әс’алю-кә би-әннә лә-кә-л-хамду, лә иләһа иллә Әнтә [уахда-кә лә шәрикә лә-кә], [әл-Мәннә-ну], [йә] бәди‘а-с-самәуати уәл-арди, йә зә-л-жәләли уәл-икрам, йә Хаййу, йә Қаййум! [Инни әс’алю-кә-] [-л-жәннәтә, уа а‘узу би-кә мин ән-нар]

«Уа, Аллаһ, ақиқатында, мен Сенен сұраймын, өйткені барлық мақтау-мадақ Саған тән, Сенен өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ, [әрі Сенің серігің жоқ] Жалғызсың. [Игілік беруші,] [уа,] көктер мен жерді Жоқтан Бар Етуші, уа, Ұлылық пен Құрмет Иесі, уа, Тірі, уа, мәңгі Жасаушы! [Ақиқатында, мен Сенен] [Жәннатты сұраймын және Саған Оттан пана тілеп сыйынамын!]».

[Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларынан: «Ол Аллаһқа қалай жалбарынғанын білесіңдер ме?», — деп сұрады, ал олар: «Аллаһ және Оның Елшісі жақсырақ біледі», — деп жауап берді. Сонда ол былай деді: «Жаным Қолында болғанмен ант етемін,] ол Аллаһқа, егер Оған сол арқылы жалбарынса – Ол жауап беретін, ал егер Одан қандай да бір нәрсені сұраса – Ол соны беретін, Оның Ұлы [басқа хадисте: «Ең ұлы», — деп хабарланады] Есімі[26] арқылы жалбарынды»[27].

10. Оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тәшаһһуд пен салем беру сөздерінің (таслим) арасында айтатын ең соңғы дұғасы келесі еді:

«اللَّهُمَّ اغْفِر لِي مَا قَدَّمْتُ، وَمَا أخَّرْتُ، وَمَا أَسرَْرتُ وَمَا أعلَنتُ، وَمَا أَسْرَفْتُ، وَمَا أنْتَ أعلَمُ بِهِ مِنِّي، أنتَ المُقَدِّمُ ، وَأنْتَ المُؤَخِّرُ، لاَ إِلَهَ إلاَّ أنتَ».

Аллаһуммә-ғфир ли мә қаддамту, уә мә әххарту, уә мә әсрарту, уә мә а‘ләнту, уә мә әсрафту, уә мә Әнтә а‘ләму биһи мин-ни, Әнтә-л-Муқаддыму, уә Әнтә-л-Муаххиру, лә иләһа иллә Әнтә.

«Уа, Аллаһ, менің бұрыңғы-кейінгі, жасырын-әшкере жасаған күнәларымды және шектен шығуымды және Өзің менен жақсы білетін күнәларымды да кешіре гөр, Ілгерілетуші де, Кешеуілдетуші де Өзіңсің. Өзіңнен басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ!»[28].



[1] Әл-Бухари.

[2] Әл-Бухари. Екі ракағаттан тұратын намаздарға келер болсақ, мысалы, таң (фәжр) намазы, (онда) «ифтираш» үлгісінде отыру Сүннетке сәйкес келеді. (Отыру) үлгілеріндегі бұл айырмашылық  имам Ахмадтан жеткізіледі, Ибн Һәни «Мәса’ил әл-имам Ахмад» (79-бет) кітабымен салыстырыңыз.

[3] Абу Дәуд және әл-Бәйһақи бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[4] Муслим және Абу Ауана.

[5] Сол жерде.

[6] Сол жерде.

[7] Ахмад, Абу Дәуд, Ибн Хузайма (1/83/2) және әл-Хаким, соңғысы бұл хадисті сенімді деген және онымен әз-Зәһаби келіскен. Бұл хадис осы тәшаһһудта Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұға етудің міндетті екендігіне, өйткені оның өзі осылай істеуді бұйырғандығына нұсқайтынын білу қажет. Осы пікірді имам әш-Шәфи‘и, сондай-ақ Ахмад ұстанған, бұл туралы одан жеткен екі хабардың соңғысында жеткізілетініндей. Олардан бұрын тура осы пікірді кейбір сахабалар және басқа да ғалымдар ұстанатын. Дәл сондықтан да әл-Әжжури «әш-Шәри‘а» (415-бет) кітабында былай деп айтқан: «Кім соңғы тәшаһһудта Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  дұға етіп жалбарынбаса, намазын қайта орындауы қажет». Сондықтан имам әш-Шәфи‘и, мұны фақиһ ғалым әл-Хайтами «әд-Дарр әл-Мәндуд фи-с-Саләт уәс-Саләм ‘алә Сахиб әл-Мақам әл-Махмуд»  (13—16-тараулар) кітабында түсіндіріп бергеніндей, олардың ойларынша, осы ерсі пікірді ұстанған жалғыз адам болды-мыс деп жала жапқандар әділетсіздік жасайды.

[8] Ән-Нәса’и бұл хадисті жеткізушілердің  сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[9] Муслим, Абу Ауана, ән-Нәса’и және Ибн әл-Жәруд «әл-Мунтақа» (27) кітабында. Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (350) кітабында келтірілген.

[10] Абу Дәуд және Ахмад бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[11] Муслим және Абу Ауана.

[12] Ақиқатында, біз «өзінің тәшаһһудында» деп айтпағанымыздың себебі — мәтіннің өзінде тәшаһһуд немесе басқа нәрсе нақты белгілеп айтылмай, «өзінің намазында» деп нұсқалған.  Сөйтіп, бұл намаз кезіндегі дұға айтуға ыңғайлы болған түрлі жағдайларды қамтиды, мысалы, сәжде мен тәшаһһудты, ал осы екі кейіпте Аллаһқа жалбарынудың әмір етілгендігі жоғарыда айтылған болатын.

[13] Әл-Бухари және Муслим. Әл-Асрам былай деп хабарлаған: «Мен (имам) Ахмадтан: «Тәшаһһудтан соң Аллаһқа қандай дұғаларды айтып жалбарынуым керек?», — деп сұрадым. Ол: «Хадистерде жеткізілген дұғаларды», — деп жауап берді. Мен: «Бірақ  Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кейін өзіне ұнайтын дұғаны таңдап алсын», — деп айтты емес пе?», — дедім. Ол: «(Хадистерде) келтірілгендердің ішінен таңдауы қажет», — деп жауап берді. Мен оған сұрағымды қайталап қойдым. Ол тағы да: «Ол (хадистерде) келтірілгендердің ішінен таңдауы қажет», — деп жауап берді». Бұл хабарды Ибн Таймийя «Мәжму‘ әл-Фатауада» (69/218/1) келтіреді де, осыны (имам Ахмадтың айтқан сөздерін) мақұлдап, былай дейді: «Сөйтіп, «кез келген дұға» деген сөздер кез келген түрдегі дұғаларға емес, дәл Аллаһ сүйетін дұғаларға қатысты…, — әрі қарай ол былай деді: Сонымен, (сенімді) хадистерде жеткізілетін, бекітілген, орнатылған, сондай-ақ өзіне игілікті қамтыған дұғаларды айту жақсырақ».   Бұл осылай, бірақ қайсы дұғалар өзіне игілікті қамтитынын танып білу сенімді білімге тәуелді, ал оны адамдардың арасында сирек кездестіруге болады, сондықтан да (хадистерде) жеткізілетін дұғаларды ұстану бәрінен жақсырақ, әсіресе егер олар өз құрамына намаз орындаушының солар арқылы Аллаһқа жалбарынғысы келетін өтінішін қамтитын болса. Ал бұл туралы Аллаһ жақсырақ біледі!

[14] Арабтың «мә’сам» сөзі не адамды күнә жасауға мәжбүр ететін нәрсені, не күнәнің өзін білдіреді.

[15] Арабтың «мәғрам» сөзінің негізгі мағынасы — «ауыртпалық». Аталған жағдайда, бұл Айшадан (Аллаһ оған разы болсын): «(Бірде) бір адам Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Неліктен сіз (Аллаһтан) соншалықты жиі түрде қарыздан құтқаруын сұрайсыз?», — деп сұрады», — деп хабарланатын мына хадистің мәтінінен келіп шығатынындай, бұл сөздің астарында «қарыз» меңзелуде. Жауап ретінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Ақиқатында, қарыздың ауыртпалығын көтерген адам сөйлесе — өтірік айтады, ал уәде берсе — оны бұзады».

[16] Әл-Бухари және Муслим.

[17] Яғни мен жаман істер істегеннімнің жамандығынан және жақсы істер істемегенімнің жамандығынан.

[18] Ән-Нәса’и бұл хадисті жеткізушілердің  сенімді тізбегі арқылы келтіреді және Ибн Аби ‘Асым «әс-Сунна» кітабында (№ 370 – бұл кітаптын барлық хадистері менің тарапымнан сенімділікке тексерілген). Төрт бұрышты жақшалардағы қосымшаны сол келтіреді.

[19] Ахмад және әл-Хаким, соңғысы бұл хадисті сенімді деген және онымен әз-Зәһаби келіскен.

[20] Ән-Нәса’и және әл-Хаким, соңғысы бұл хадисті сенімді деген, және онымен әз-Зәһаби келіскен.

[21] Әл-Бухари және Муслим.

[22] Ахмад, әт-Тайалиси, әл-Бухари «әл-Адаб әл-Муфрадта», Ибн Мәжаһ және әл-Хаким, соңғысы бұл хадисті сенімді деген және онымен әз-Зәһаби келіскен. Бұл хадис «Силсиләт әл-Әхадис әс-Сахихта» (1542) келтіріледі.

[23] «Дандана» — сөйлеу ырғағы (интонациясы) естілетіндей, алайда сөздерді түсіну қиын болатындай етіп сөйлеу. Аталған жағдайда жай дауыспен айтылатын дұғалар меңзелуде. Соңғы сөйлем «Біздің айтатын сөздеріміз сенің айтатын сөздеріңмен ұқсас» дегенді білдіреді.

[24] Абу Дәуд, Ибн Мәжаһ және Ибн Хузайма (1/87/1) бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[25] Абу Дәуд, ән-Нәса’и, Ахмад және Ибн Хузайма. Әл-Хаким бұл хадисті сенімді деген және онымен әз-Зәһаби келіскен.

[26] Бұл жерде тәуәссулдің – Аллаһқа Оның Ең Көркем Есімдері және сипаттары арқылы (жақындауға ұмтылу) куәлігі қамтылған, әрі бұл Аллаһ Тағаланың: «Ең Көркем Есімдер Аллаһқа тән, ендеше Оған (солар арқылы) жалбарыныңдар» («әл-Әғраф» сүресі, 180-аят), — деп айтқан бұйрығына сәйкес келеді. Аллаһқа басқа бір нәрселер арқылы жақындауға (жалбарынуға), мысалы, біреуді немесе біреудің хақысын, мәртебесін, абырой-артықшылығын  және т.с.с. араға қойып сұрауға келер болсақ,  бұған қатысты имам Абу Ханифадан (Аллаһ оны рақым етсін) және оның серіктерінен мұндай амал ең аз дегенде айыпталатын (мәкруһ), ал жалпы мағынада бұлай істеуге тыйым салынған (харам) екендігі туралы жеткізіледі.  Шейх ул-ислам Ибн Таймийя бұл тақырып бойынша «Тәуәссул уа Уәсилә» («Аллаһқа жақындау және осыған қол жеткізу құралдары») атты кітап жазған. Бұл мәселеге менің «Тәуәссул – оның түрлері мен ережелері» атты мақалам арналған, әрі ол осында қозғалған тақырыпқа және оның мазмұнына қатысты болғанымен көкейтесті болып табылады; онда қазіргі заманның ғалымдары арқылы ерекше кең таралған  кейбір түсініктер теріске шығарылады. Оларды да, бізді де Аллаһ (Ақиқат жолына) шығарсын!

[27] Абу Дәуд, ән-Нәса’и, Ахмад, әл-Бухари «әл-Әдаб әл-Муфрадта», әт-Табарани және Ибн Мәндаһ «әт-Таухидте» (44/2, 67/1, 70/1-2) бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[28] Муслим және Абу Ауана.

жалғасы бар