Фиқһ мәселелері

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (30)

(Қажеттілік туындаған жағдайда) имамның есіне (Құранның аяттарын) салу туралы

«الفَتْحُ عَلَى الإِمَامِ»

 

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер имам (Құран ) оқығанда жаңылысса, оның есіне (Құранның аяттарын) салу қажет екендігін бекітті.  Мысалы, бірде «ол намазында (Құранды) дауыстап  оқып жатып, жаңылысты.  (Намазды) аяқтап болған соң ол Убаййдан: «Сен бізбен бірге намаз орындадың ба?», — деп сұрады. Ол: «Иә», — деп жауап берді. (Сонда) ол: «Ендеше, саған [менің есіме салуға] не кедергі болды?», — деді[1].

 

Намаз кезінде  Аллаһқа шайтаның кесірінен  пана сұрап жалбарыну және оның азғыруын қайтару үшін үшін жеңіл-жеңіл (азғантай ғана) түкіру

«الاِْستِعَاذَةُ وَالتَّفْلُ فِي الصَّلاَةِ لِدَفْعِ الوَسْوَسَةِ»

 

Бірде Усман ибн Абул-‘Ас (оған Аллаһ разы болсын): «Уа, Аллаһтың елшісі! Ақиқатында, шайтан мені шатастырып, намаз орындауыма және Құран оқуыма кедергі жасайды!», — дейді. Оған Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«ذَاكَ شَيْطَانٌ يُقَالُ لَهُ خَنْزَبٌ فَإِذَا أَنْتَ حَسَسْتَهُ فَتَعَوَّذْ بِاللَّهِ مِنْهُ وَاتْفُلْ عَنْ يَسَارِكَ ثَلَاثًا».

«Бұл – Хинзаб есімді шайтан. Егер оны (жаныңда екенін) сезсең, онда Аллаһтан (оның кесірінен) пана сұрап, сол жағыңа үш рет түкір[2]», — деп жауап айтады. Ол: «Мен тура солай істедім және Аллаһ оны менен алыстатты», — деп айтқан[3].



[1] Абу Дәуд, Ибн Хиббан, әт-Табарани, Ибн ‘Асакир (2/296/2) және әд-Дийа’ «әл-Мухтарада» бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[2] Арабтың «тәфл» сөзі «азғантай (мардымсыз) түкірік шығарып (жеңіл-жеңіл) түкіру дегенді білдіреді» («Ниһайа»).

[3] Муслим және Ахмад. Ән-Нәуауи (Аллаһ оны рақым етсін) былай деп айтқан: «Бұл хадис шайтан (намаз орындаушыларды бөтен ойлармен көңілін бұрып)  азғырған тұста Аллаһтан пана сұраудың және сол жаққа түкірудің құпталатынын көрсетеді».

жалғасы бар