Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (38)

Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз.

Бірінші тәшаһһудта Аллаһқа дұға етіп жалбарыну

«الدُّعَاءُ بَعْدَ التَّشَهُدِ الأَوَّلِ»

 Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ:

«إِذَا قَعَدْتُمْ فِي كُلِّ رَكْعَتَيْنِ فَقُولُوا: التَّحِيَّاتُ لِلَّهِ وَالصَّلَوَاتُ وَالطَّيِّبَاتُ السَّلَامُ عَلَيْكَ أَيُّهَا النَّبِيُّ وَرَحْمَةُ اللَّهِ وَبَرَكَاتُهُ السَّلَامُ عَلَيْنَا وَعَلَى عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ، ثُمَّ لِيَتَخَيَّرْ أَحَدُكُمْ مِنْ الدُّعَاءِ أَعْجَبَهُ إِلَيْهِ فَلْيَدْعُ».

«Сендер әрбір екі ракағаттан кейін отырғандарыңда «әт-тахиййатты» айтыңдар, ал содан соң әрқайсың өзіне көбірек ұнайтын дұғаны таңдап, (ол арқылы) аса Құдіретті Аллаһ Тағалаға жалбарынуларың қажет»[1], — деп,  осы тәшаһһудта да дұға айтуды басшылық ретінде орнатты.

 Үшінші, ал содан кейін төртінші ракағаттарды орындау үшін орнынан турегелу

«الدُّعَاءُ بَعْدَ التَّشَهُدِ الأَوَّلِ»

Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тәкбір айтып, үшінші ракағатты орындау үшін орнынан тұратын[2], және бұл туралы жоғарыда айтылғандай, «намазды нашар орындаған адамға»: «…әрі әрбір ракағатта осылай жаса», — деп, тура осылай істеуді бұйырған.

«Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) отырыстан тұру кезінде тәкбір айтатын, ал содан соң орнынан тұратын»[3]; кейде осы тәкбірді айтқан кезде «ол екі қолын көтеретін»[4].

«Ол төртінші ракағатты орындау үшін орнынан тұрғысы келгенде: «Аллаһ Ұлы! (Аллаһу әкбар)», — деп айтатын[5], әрі, бұл туралы алдында айтылып кеткеніндей, ол «намазды нашар орындаған адамға» да осылай істеуді бұйырды, әрі осы тәкбірді айтқан кезде кейде «ол екі қолын көтеретін»[6].

«Ол әрбір сүйегі өз орнын тапқанына дейін оң аяғына  отырып алып, денесін түзейтін, ал кейін (екі қолымен) жерге сүйеніп орнынан тұратын»[7]; және «ол орнынан тұру үшін екі қолына сүйенерде, саусақтарын жұдырыққа түйетін[8]»[9].

Осы ракағаттардың екеуінде де ол «әл-Фатиха» сүресін оқитын, әрі «намазды нашар орындаған адамға» да осыны бұйырды. «Бесін намазының соңғы екі ракағаттарында «әл-Фатиха» сүресінен кейін Құран аяттарын оқу» тарауында түсіндірілгеніндей, ол бесін намазын орындау кезінде кейде («әл-Фатихадан» соң) қосымша бірнеше аяттар оқитын.



[1] Ән-Нәса’и, Ахмад және әт-Табарани бұл хадисті жеткізушілердің түрлі тізбектері арқылы Ибн Мәс‘удтан келтіреді; толығырақ бұл хадис  «әс-Сахихта» (878) қаралады, ал «Мәжма‘ әз-3ауа’идте» (2/142) сондай-ақ басқа қолдаушы хадис келтіріледі.

[2] Әл-Бухари және Муслим.

[3] Абу Йа‘лә өзінің «Муснад» (284/2) кітабында бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді. Ол сондай-ақ «Силсиләт әл-Әхадис әс-Сахихада» (604) келтіріледі.

[4] Әл-Бухари және Абу Дәуд.

[5] Сол жерде.

[6] Абу Ауана және ән-Нәса’и бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[7] Әл-Бухари және Абу Дәуд.

[8] Аудармашының ескертпесі: сөзбе-сөз «қамыр илеуші адамдай».

[9] Әл-Харби «Ғариб әл-Хадисте». Бұл хадистің мағынасын әл-Бухари және Абу Дәуд өздерінің жинақтарында келтіреді. Ал «ол бір адамға намазда  орнынан тұрған кезінде екі қолына сүйенуге тыйым салды»  деген хадиске келер болсақ, бұл  «мункар» үлгідегі сенімді емес хадис болып табылады, мұны мен «Силсиләт әл-Әхадис әд-Да‘ифа» (967) кітабында түсіндірдім.

Аудармашының ескертпесі: (екі анықтама да доктор Махмуд Тахханның «Пособие по терминологии хадисов». (М., 2002. С. 77) кітабы бойынша келтіріледі: «мункар» үлгісіндегі хадистердің ең танымал екі анықтамасы бар:

1) бұл — иснадында өрескел қателерге жол берген, жиі салғырттық танытқан немесе өзінің бұзықтығымен танылған жеткізушінің аты аталатын хадис;

2) бұл – әлсіз жеткізуші жеткізген және сенімге лайық жеткізушінің жеткізгеніне қайшы келетін хадис.

жалғасы бар