Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (36)

Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз.

Бірінші тәшаһһуд

«التَّشَهُدُ الأَوَّلُ»

 Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екінші ракағатты орындап болған соң тәшаһһудты айту үшін отырып алатын. Егер намаз екі ракағаттан тұрса, мысалы, таң (фәжр) намазындай, онда ол екі сәжденің арасындағыдай «ифтираш» үлгісімен отыратын[1].  Үш немесе төрт ракағаттан тұратын намаздарда «ол бірінші тәшаһһудты орындаған кезде де» тура сол сияқты отыратын[2].

Ол «намазды нашар орындаған адамға» осылай істеуді бұйырып:

«فَإِذَا جَلَسْتَ فِي وَسْطِ الصَّلاَةِ؛ فَاطمَئِنْ، وَافْتَرِشْ فَخِذَكَ اليُسْرَى، ثُمَّ تَشَهَّدْ».

«Намаздың ортасында отыратын кезіңде тыныштал, сол саныңды төсе де, тәшаһһудты айт», — деді[3].

Абу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтқан: «Менің сүйікті досым (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) маған ит секілді жүресінен отыруға («иқ‘а’») тыйым салды»[4]. Басқа бір хадисте: «Ол шайтан сияқты жүресінен отыруға тыйым салатын», — деп хабарланады[5].

«Ол тәшаһһудты айту үшін отырған кезде оң алақанын оң санының үстіне [басқа бір нұсқада: «…оң тізесінінің үстіне»], ал сол алақанын— сол санының үстіне [басқа бір нұсқада: «…сол тізесінің үстіне, оны (яғни алақанды) оның үстінде (төмен қарай) ашып»] қоятын»[6], және «ол оң қолының шынтағының ұшын оң санының үстіне қоятын»[7].

Сондай-ақ «ол намаз кезінде сол қолына сүйеніп отырған адамға осылай істеуге тыйым салып:

«إِنَّهَا صَلاَةُ اليَهُودِ».

«Ақиқатында, бұл яһудилердің намазы!», — деді[8]; бұл хадистің басқа бір нұсқасында:

«لَا تَجْلِسْ هَكَذَا إِنَّمَا هَذِهِ جِلْسَةُ الَّذِينَ يُعَذَّبُونَ».

«Былай отырма, өйткені бұл азапқа тартылатындардың отырысы!», — деп айтылады[9].

Басқа бір хадисте: «Мұндай отырыспен (Аллаһтың) қаһарына ұшырағандар отырады», — делінген[10].

Тәшаһһудты айту кезінде (оң қолдың сұқ бармағын) қимылдату туралы

«تَحْرِيْكُ الإصْبَعِ فِي التَّشَهُدِ»

 «Ол  (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сол алақанын сол тізесінің үстінде (төмен қарай) жайып қоятын, оң қолының барлық бармақтарын жұдырыққа жинап, сұқ саусағымен Қыбла тарапқа нұсқайтын, оған (яғни оң қолының сұқ бармағына) көзін тігетін»[11].

Сондай-ақ «саусағымен нұсқаған кезінде ол (оң қолының) бас бармағын ортан саусақтың үстіне қоятын»[12], ал кейде «ол бұл екі саусағымен шеңбер жасайтын»[13].

«Өзінің оң қолындағы (сұқ) саусағын көтеріп, ол арқылы Аллаһқа жалбарынып қимылдататын»[14] және ол (оң қолдың) сұқ саусағын меңзеп:

«لَهِيَ أَشَدُّ عَلَى الشَّيْطَانِ مِنْ الْحَدِيدِ. يَعْنِي: السَّبَّابَةَ».

«Ақиқатында, ол шайтанға темірден де қатты әсер етеді», — деп айтатын»[15].

Бұдан тыс, «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары да Аллаһқа дұға етіп жалбарынғанда саусақпен ишара жасау қажет екендігін бір-біріне ескертетін»[16]. «Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі тәшаһһудты (айту кезінде де) осылай істейтін»[17].

Бірде «бір адамның Аллаһқа екі саусағымен қимыл жасап, жалбарынып отырғанын көріп, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған:

«أَحِّدَْ[أحِّدْ]»، وأشَارَ بِالسَّبَابَةِ.

«(Мұны) біреуімен істе, [біреуімен істе]!» — деп, өзінің сұқ саусағын көрсеткен»[18].

Бірінші тәшаһһудтың міндеттілігі және сол кезде дұға жасаудың заңды екендігі туралы

«وُجُوبُ التَّشَهُدِ الأَوَّلِ، وَمَشْرُوعِيَّةُ الدُّعَاءِ فِيهِ»

 Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі ракағатты орындап болған соң, әр кез «әт-тахиййатты» айтатын»[19] және «осы отырыста оның ең алғаш айтатын сөздері «…Сәлемдер Аллаһқа тән… (әт-тахиййату ли-Лләһи…)» болатын[20].

«Ол алғашқы екі ракағаттан кейін тәшаһһуд айтуды ұмытқан кезінде жаңылысқаны үшін (екі) қосымша сәжде  (сажда әс-саһу) жасайтын»[21].

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға (сахабаларға) тәшаһһуд жасауды бұйырып:

«إِذَا قَعَدْتُمْ فِي كُلِّ رَكْعَتَيْنِ فَقُولُوا: التَّحِيَّاتُ لِلَّهِ … ثُمَّ لِيَتَخَيَّرْ أَحَدُكُمْ مِنْ الدُّعَاءِ أَعْجَبَهُ إِلَيْهِ فَلْيَدْعُ بِهِ رَبَّهُ عَزَّ وَجَلَّ».

«Сендер әр екі ракағаттан кейін отырған кездерінде, «әт-тахиййатты» айтыңдар, ал кейін әрбірің өзіне көбірек ұнайтын дұғаны таңдап алуы тиіс және сол арқылы Аса Құдіретті Аллаһ Тағалаға  жалбарынуы керек»[22], — деген; бұл хадистің басқа бір нұсқасында:

«قُولُوا فِي كُلِّ جِلْسَةٍ: التَّحِيَّاتُ».

«…«әт-тахиййатты» әрбір отырыста айтыңдар», — деп хабарланады[23], және бұл туралы жоғарыда айтылғанындай, ол «намазды нашар орындаған адамға» да осылай істеуді бұйырған.

«Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға (сахабаларға) Құран сүрелерін үйреткеніндей тәшаһһуд сөздерін де үйрететін»[24], әрі сондай-ақ «Сүннетке сәйкес оны (тәшаһһудты) іштей айту керек»[25].

Тәшаһһудтың түрлері

«صِيَغُ التَّشَهُدِ»

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларына тәшаһһудтың бірнеше түрлерін үйретті.

1. Ибн Мәс’удтан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізілетін тәшаһһуд.

Ибн Мәс’уд былай деп айтқан: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) менің алақанымды қолымен ұстап, маған тәшаһһудтың сөздерін тура Құран сүрелерін үйреткеніндей етіп үйретті:

«التَّحِيَّاتُ للهِ، والصَّلَوَاتُ وَالطَّيِّبَاتُ، السَّلاَمُ عَلَيْكَ أَيُّهَا النَّبِيُّ! وَرَحْمَةُ اللهِ وَبَرَكَاتُه، السَّلاَمُ عَلَيْنَا وَعَلَى عِبَادِ اللهِ الصَّالِحِيْنَ، أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ، وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدَاً عَبْدُهُ وَرَسُولُه».

 Әт-тахиййату ли-Лләһи уәс-саләуату уәт-таййибату. Әс-саләму ‘аләй-кә әййу-һа-н-нәбиййу, уә рахмату-Ллаһи уә бәракату-һу. Әс-саләму ‘аләй-нә уә ‘алә ‘ибади-Лләһи-с-салихин [(осы жерде): «Әрі ақиқатында, егер (осы сөздерді) айтсаңдар, олар Аллаһтың көктер мен жердегі әрбір ізгі құлына тиеді», — деп айтқан]. Әшһаду әллә иләһә иллә-Ллаһу уә әшһәду әннә Мухаммәдән ‘абду-һу уә расулю-һу.

«Сәлемдер[26], салауаттар[27] және (барлық) игі сөздер[28] Аллаһқа тән! Сәлем[29] саған, уа, Пайғамбар,  және Аллаһтың рахметі мен берекеті[30]! Аллаһтың сәлемі бізге және Оның ізгі салиқалы құлдарына болсын! Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екеніне куәлік беремін және Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі екеніне куілік беремін»». (Әрі қарай Ибн Мәс‘уд былай деп айтқан:) [«ол біздің арамызда болған кезде, біз осылай айтатынбыз, ал ол қайтыс болған соң біз:  Әс-сәләму ‘алә-н-нәбийи — «Пайғамбарға сәлем»] – деп айтатын болдық» [31].

2. Ибн Аббастан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізілетін тәшаһһуд.

Ибн Аббас былай деп айтқан: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге тәшаһһуд сөздерін тура Құран [сүрелерін] үйреткеніндей үйрететін. Ол былай деп айтатын:

«التَّحِيَّاتُ الطَّيِّبَاتُالصَّلَوَاتُللهِ، السَّلاَمُ عَلَيْكَ أَيُّهَا النَّبِيُّ! وَرَحْمَةُ اللهِ وَبَرَكَاتُه، السَّلاَمُ عَلَيْنَا وَعَلَى عِبَادِ اللهِ الصَّالِحِيْنَ، أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ[وَحْدَهُ لاَ شَرِيْكَ لَهُ]، وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدَاً عَبْدُهُ وَرَسُولُه».

 Әт-тахиййату-л-мубәракәту-с-сәләуату-т-таййибәту ли-Лләһи[32]. [Әс-] сәләму ‘аләй-кә аййу-һә-н-нәбиййу, уә рахмату Ллаһи уә бәракәту-һу. [Әс-] сәләму ‘аләй-нә уә ‘алә ‘ибади-Лләһи-с-салихин. Әшһаду әллә иләһә иллә-Ллаһу уә [әшһаду] әннә Мухаммадан расулю-Ллаһ [басқа бір нұсқада: ‘абду-һу уа расулю-һу]

«Сәлем, берекелі сөздер, салауаттар, (барлық) игі сөздер Аллаһқа тән! Сәлем саған, уа, Пайғамбар, және Аллаһтың рақымы мен Оның берекеті! Аллаһтың сәлемі бізге және Оның ізгі салиқалы құлдарына болсын! Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екеніне куәлік беремін және Мухаммад – Оның елшісі [екеніне куәлік беремін]» [басқа бір нұсқада: «Оның құлы әрі елшісі», — деп айтылады][33].

3. Ибн Омардан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізілетін тәшаһһуд.

Ибн Омар Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тәшаһһуд кезінде келесі сөздерді айтатынын жеткізген:

«التَّحِيَّاتُ للهِ، [و] الصَّلَوَاتُ [وَ] الطَّيِّبَاتُ، السَّلاَمُ عَلَيْكَ أَيُّهَا النَّبِيُّ! وَرَحْمَةُ اللهِ [وَبَرَكَاتُه]، السَّلاَمُ عَلَيْنَا وَعَلَى عِبَادِ اللهِ الصَّالِحِيْنَ، أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ [وَحْدَهُ لاَ شَرِيْكَ لَهُ]، وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدَاً عَبْدُهُ وَرَسُولُه».

 Әт-тахиййату ли-Лләһи [уа-]с-саләуату [уа-] т-таййибату. Әс-сәләму ‘аләй-кә аййу-һә-н-нәбиййу, уа рахмәту Ллаһи [Ибн Омар былай деп айтқан: «Осы жерде мен[34]: «уә баракату-һу», — деп қосамын»]. Әс-сәләму ‘аләй-нә уа ‘алә ‘ибади-Лләһи-с-салихин. Әшһаду әллә иләһә иллә-Ллаһу [Ибн Омар былай деп айтқан: «Осы жерде мен[35]: «уахда-һу лә шарикә-лә-һу», — деп қосамын»] уә әшһаду әннә Мухаммәдән ‘абду-һу уә расулю-һу.

«Сәлем, [және] салауаттар, [және] (барлық) игі сөздер Аллаһқа тән! Сәлем саған, уа, Пайғамбар, Аллаһтың мархаметі [мен оның берекеті]! Аллаһтың сәлемі бізге және Оның ізгі салиқалы құлдарына болсын! [Ешбір серігі жоқ] Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екеніне куәлік беремін және Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін»[36].

4. Абу Муса әл-Әш‘ариден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізілетін тәшаһһуд.

Ол Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «…сендер (тәшаһһудты айту үшін) отырған кездеріңде, ең бірінші айтатын (сөздерің) мыналар болсын:

«التَّحِيَّاتُ الطَّيِّبَاتُالصَّلَوَاتُللهِ، السَّلاَمُ عَلَيْكَ أَيُّهَا النَّبِيُّ! وَرَحْمَةُ اللهِ وَبَرَكَاتُه، السَّلاَمُ عَلَيْنَا وَعَلَى عِبَادِ اللهِ الصَّالِحِيْنَ، أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ[وَحْدَهُ لاَ شَرِيْكَ لَهُ]، وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدَاً عَبْدُهُ وَرَسُولُه».

 Әт-тахиййату, әт-таййибәту, әс-саләуату-ли-Лләһи. Әс-сәләму ‘аләй-кә аййу-һә-н-нәбиййу, уа рахмату-Ллаһи уа бәракәтуһу. Әс-сәләму ‘аләй-нә уа ‘алә ‘ибади-Лләһи-с-салихин. Әшһаду әллә иләһа иллә-Ллаһу [уахда-һу лә шарикә-лә-һу] уа әшһаду әннә Мухаммәдан ‘абду-һу уа расулю-һу.

«Сәлем, (барлық) игі сөздер, салауаттар – Аллаһқа тән! Сәлем саған, уа, Пайғамбар, Аллаһтың мархаметі мен оның берекеті! Аллаһтың сәлемі бізге және Оның ізгі салиқалы құлдарына болсын! [Ешбір серігі жоқ] Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екеніне куәлік беремін, және Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін» (Әрі қарай Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Намаздағы сәлем беру болып табылатын жеті сөз», — деп айтқан)[37].

5. Омар ибн әл-Хаттабтан (оған Аллаһ разы болсын) жеткізілетін тәшаһһуд.

Омар ибн әл-Хаттаб (оған Аллаһ разы болсын) адамдарды тәшаһһуд сөздерін айтуға мінберде тұрып үйрететін. Ол былай деп айтатын: «Айтыңдар:

«التَّحِيَّاتُ للهِ، الزَّاكِيَاتُ للهِ، الطَّيِّبَاتُ [للهِ]، الصَّلَوَاتُ للهِ، السَّلاَمُ عَلَيْكَ أَيُّهَا النَّبِيُّ! وَرَحْمَةُ اللهِ وَبَرَكَاتُه، السَّلاَمُ عَلَيْنَا وَعَلَى عِبَادِ اللهِ الصَّالِحِيْنَ، أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ، وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدَاً عَبْدُهُ وَرَسُولُه».

 Әт-тахиййату ли-Лләһи, әз-зәкийату ли-Лләһи, әт-таййибә-ту [ли-Лләһи]. Әс-сәләму ‘аләй-кә аййу-һә-н-нәбиййу, уа рахмәту Ллаһи уа бәракәту-һу. Әс-сәләму ‘аләй-нә уа ‘алә ‘ибади-Лләһи-с-салихин. Әшһаду әллә иләһа иллә-Ллаһу, уа әшһаду әннә Мухаммәдән ‘абду-һу уа расулю-һу.

«Сәлем  — Аллаһқа тән, (барлық) Пәк  (Есімдер) – Аллаһқа тән, (барлық) игі сөздер [- Аллаһқа тән]. Сәлем саған, уа, Пайғамбар, Аллаһтың мархаметі мен Оның берекеті! Аллаһтың сәлемі бізге және Оның ізгі салиқалы құлдарына болсын! Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екеніне куәлік беремін, және Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін»[38].

6. Айшадан (оған Аллаһ разы болсын) жеткізілетін тәшаһһуд.

Әл-Қасим ибн Мухаммад былай деп хабарлаған: «Айша (оған Аллаһ разы болсын) бізді тәшаһһуд айтуға үйрететін. Ол қолымен ишара жасады да, былай деп айтты:

«التَّحِيَّاتُ الطَّيِّبَاتُالصَّلَوَاتُالزَّاكِيَاتُ للهِِ، السَّلاَمُ عَلَى النَّبِيُّ! وَرَحْمَةُ اللهِ وَبَرَكَاتُه، السَّلاَمُ عَلَيْنَا وَعَلَى عِبَادِ اللهِ الصَّالِحِيْنَ، أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ، وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدَاً عَبْدُهُ وَرَسُولُه».

 Әт-тахиййату, әт-таййибәту, әс-саләуату, әз-зәкийату ли-Лләһи. Әс-сәләму ‘алә-н-нәбийи уа рахмату-Ллаһи уа бәракәту-һу. Әс-сәләму ‘аләй-нә уа ‘алә ‘ибади-Лләһи-с-салихин. Әшһаду әллә иләһа иллә-Ллаһ, уа ашһаду әннә Мухаммадан ‘абду-һу уа расулюһу.

«Сәлем, (барлық) игі сөздер, салауаттар, (барлық) Пәк (Есімдер) – Аллаһқа тән. Пайғамбарға сәлем, Аллаһтың мархаметі және оның берекеті болсын! Аллаһтың сәлемі бізге және Оның ізгі салиқалы құлдарына болсын! Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екеніне куәлік беремін және Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін»[39].


[1] Ән-Нәса’и (1/173) бұл хадисті жеткізушілердің  сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[2] Әл-Бухари және Абу Дәуд

[3] Абу Дәуд және әл-Бәйһақи бұл хадисті жеткізушілердің жақсы тізбегі арқылы келтіреді.

[4] Әт-Тайалиси, Ахмад және Ибн Аби Шәйба. Абу ‘Убайда және басқалар «иқ’а’тың» мұндай түрін былай түсіндірген: «Бұл – адамның құйрығын жерге тіреп, балтырларын тік ұстап және қолымен жерге сүйеніп отыруы, тура осылай ит отырады». «Иқ’а’тың» мұндай түрі, бұл туралы жоғарыда айтылғандай, Сүннет тарапынан мақұлданатын екі сәжденің арасындағы «иқ’а’» отырысынан өзгешеленеді.

[5] Муслим, Абу Ауана және басқалар. Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (316) кітабында келтірілген (осыдан бұрынғы ескертпеде сөз етілетін «итше отырыс», «шайтанның отырысы» деп те аталады. Қз.: Сафий ар-Рахман әл-Мубаракфури «Итхаф әл-Қирам» – Аудармашыдан.).

[6] Муслим және Абу Ауана.

[7] Абу Дәуд және ән-Нәса’и бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді. Бұл хадистің мағынасынан шыға келе, бұл жерде «ол шынтақтарын жамбастарынан керіп ұстамады» деп тұжырым жасауға болады, мұны Ибн әл-Қайим «Зад әл-Ма‘адта» түсіндіріп бергендей.

[8] Әл-Бәйһақи және әл-Хаким, сонғысы бұл хадисті сенімді деген және онымен әз-Зәһаби келіскен. Бұл және келесі хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (380) кітабында келтірілген.

[9] Ахмад және Абу Дәуд бұл хадисті жеткізушілердің жақсы тізбегі арқылы келтіреді.

[10] Абд ар-Раззақ; Абдул Хаққ өзінің «әл-Әхкам» (1284) кітабында бұл хадисті сенімді деген. Бұл кітаптағы хадистерінің  сенімділігін мен тексеріп шыққанмын.

[11] Муслим, Абу Ауана және Ибн Хузайма. Әл-Хумайди (13/1) және Абу Йа‘лә (275/2) жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы Ибн Омардан келесі қосымшаны жеткізген: «…әрі бұл шайтанға қатты соққы береді; ешкім осылай істеген кезінде (бұл туралы) ұмытпасын», — әрі әл-Хумайди өз саусағын көтерді. Әл-Хумайди сондай-ақ Муслим ибн Абу Мәриямның: «Бір адам маған Сирияның шіркеулерінің бірінде осылай істегендері (бейнеленген) пайғамбарлардың сүреттерін көргенін айтты», — деп айтқанын жеткізіп, саусағын көтерді. Бұл өте сирек кездесетін байқау екенін атап өткен жөн, алайда бұл хабардың бүкіл тізбегі, тіпті «бір адам» деген сөздерге дейін, сенімді болып табылады.

[12] Муслим және Абу Ауана.

[13] Абу Дәуд, ән-Нәса’и, Ибн әл-Жәруд «әл-Мунтақада» (208), Ибн Хузайма (1/86/1-2), Ибн Хиббан «әс-Сахихта» (485) бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді. Ибн әл-Муләккин де бұл хадисті сенімді деген (28/2) және оны растайтын хабарды Ибн ‘Адий (287/1) келтіреді.

[14] Сол жерде. «Онымен Аллаһқа жалбарынып» деген сөздер туралы имам әт-Тахауи былай деп айтқан: «Бұл оның намаз соңында осылай істегендігі туралы куәлік береді». Мен (яғни шейх әл-Әлбани – Аудармашының ескертпесі) былай деймін: сөйтіп, бұл жерде (Қыбла тарапқа) саусақпен ишара жасауды жалғастыру және тіпті сәлем берілгенге (таслимге) дейін оны қимылдату Сүннет болып табылатындығына дәлел бар, өйткені Аллаһқа дұға етіп жалбарыну сәлем берілгенге (таслимге) дейін үзіліссіз жалғасады. Осы пікірді имам Мәлик және басқалар (ғалымдар) ұстанатын. Имам Ахмадқа (бірде) «Адам намазда саусағымен ишара жасауы керек пе?» деген сұрақ қойылады. Ол: «Иә, (әрі барынша) екпінді түрде», — деп жауап берген.  (Бұл туралы Ибн Һани өзінің «Мәса’ил әл-Имам имам Ахмад», 1/80 кітабында хабарлаған). Баяндалғанның барлығынан тәшаһһуд айту кезінде (оң қолдың сұқ саусағымен) қозғалыс жасау Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді Сүннеті екендігі, әрі оған сәйкес Ахмад әрі Сүннеттің басқа да имамдары амал еткені әп-айқын болады. Сондықтан да бұл әрекетті мән-мағынасыз, орынсыз және намазға еш қатысы жоқ деп ойлайтын адамдар Аллаһтан қорқуы керек, өйткені осылай ойлауы себепті олар өздерінің (сұқ) саусақтарын қимылдатпайды, тіпті бұл бекітілген Сүннет екенін білсе де. Бұдан бөлек, олар осыған бар күш-жігерлерімен араб тілінде сөйлеудің тәсілдерімен сыйыспайтын және бұл мәселенің имамдар тарапынан түсінінуіне қайшы келетін түсіндірме  бергілері келеді.

Олардың кейбіреулері басқа мәселелер бойынша белгілі бір имамды, тіпті оның пікірі Сүннетке қайшы болып жатса да қорғайтыны, әрі өз ұстанымын «имамның қателіктеріне нұсқау міндетті түрде оны қорлау және оған құрметсіздік таныту болады» деген (тұжырыммен) дәйектеуі таң қалдырады. Сосын олар бекітілген Сүннетті ұмытады әрі жоққа шығарады, әрі осы орайда оған сәйкес амал ететіндерді келемеждейді. Олар мұны білсе де, білмей істесе де, өздерінің әдеттері бойынша бар күш-жігерін салып өтірік пен шындық арқылы қорғайтын өз имамдарын да мысқылдаған болады, алайда дәл осы жолы  имамдардың Сүннетке қатысты ұстанымы дұрыс-ақ! Іс жүзінде осынысымен олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), өзін мысқылдайды, өйткені осы Сүннетті бізге оның дәл өзі алып келген, демек, оны мысқылдау Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мысқылдаумен бірдей.

Ал (сұқ) саусақты ишара жасап болған соң түсіру немесе оның қозғалысын («Лә иләһә…» сөздерін айту кезіндегі) теріске шығарумен және («…илләЛллаһ» сөздерін айту кезіндегі) бекітумен шектеуге келер болсақ, мұның барлығының Сүннетте ешқандай негізі жоқ; іс жүзінде, бұл Сүннетке қайшы келеді, бұған осы хадис куә болады.

Ал «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (намаз орындау кезінде оң қолындағы сұқ) саусағымен қозғалыстар жасамайтын» деген хадиске келер болсақ, ол, мұны мен «Да‘иф Аби Дауд» (175) кітабында түсіндіргенімдей, сенімді емес. Бірақ егер бұл хадисті сенімді деп пайымдағанның өзінде де, онда теріске шығару (нәф) бар, ал жоғарыда келтірілген хадисте – бекіту (мусбит) қамтылған, ал фақиһтерге «Бекітушіге (мусбит) теріске шығарушының (нәф) алдында басымдық беріледі» деген қағида жақсы белгілі.

[15] Ахмад, әл-Бәззар, Абу Жә‘фар әл-Бухтири «әл-Амалиде» (60/1), әт-Табарани «әд-Ду‘ада» (73/1), Абдул-Ғани әл-Мәқдиси «әс-Сунанда» (12/2) бұл хадисті жеткізушілердің жақсы тізбегі арқылы келтіреді, әр-Руйани өзінің «Муснад» кітабында (249/2) және әл-Бәйһақи.

[16] Ибн Аби Шәйба (2/123/2) бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[17] Ән-Нәса’и және әл-Бәйһақи бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[18] Ибн Аби Шәйба (12/40/1, 2/123/2) және ән-Нәса’и. Әл-Хаким бұл хадисті сенімді деген және онымен әз-Зәһаби келіскен. Ибн Аби Шәйба сондай-ақ осы хадисті күшейтетін басқа хабарды келтіреді.

[19] Муслим және Абу Ауана.

[20] Бұл хадисті әл-Бәйһақи ‘Аишадан Ибн әл-Муләккин (28/2) тексеріп шыққан жеткізушілердің жақсы тізбегі арқылы келтіреді.

[21] Әл-Бухари және Муслим. Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (338) кітабында келтірілген.

[22] Ән-Нәса’и, Ахмад, әт-Табарани «Му‘жәм әл-Кәбир» (3/25/1) кітабында бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді. Сөзбе-сөз мағынада бұл хадис әрбір тәшаһһудта Аллаһқа дұға етіп жалбарыну орынды екеніне нұсқайды, тіпті одан кейін сәлем беру (таслим) жасалмайтын тәшаһһудта да. Бұл пікірді Ибн Хазм (Аллаһ оны рақым етсін) ұстанатын.

[23] Ән-Нас’аи бұл хадисті жеткізушілердің  сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[24] Әл-Бухари және Муслим.

[25] Абу Дәуд және әл-Хаким, соңғысы бұл хадисті сенімді деген және онымен әз-Зәһаби келіскен.

[26] Арабшада «әт-тахиййат»; бұл жерде «тек Аллаһ қана бейбітшілікті, шексіз билікті және мәңгілікті өзіне қамтитын барлық сөздерге лайықты» деген меңзеледі («Ниһайя»).

[27] Арабша «саләуат»; бұл жерде «Аллаһтың Ұлылығын дәріптеу үшін айтылатын барлық дұғалар» меңзеледі, «өйткені тек Ол ғана оларға толық құқықты, әрі Одан басқа ешкім оларға лайықты емес («Ниһайя»).

[28] Арабша «таййибәт»; бұл жерде «Аллаһты мақтап-мадақтау үшін сәйкес келетін барлық игі және кіршіксіз сөздер» меңзелуде, «бірақ Оның сипаттарына сәйкес келмейтін және патшаларға сәлем беру үшін қолданатын сөздер емес» («Фәтх әл-Бәри»).

[29] Бұл сөз «Аллаһқа және Одан жіберілетін күшке пана тілеп жүгіну» дегенді білдіреді, өйткені «әс-Сәләм» деген сөздің өзі Аллаһтың Есімі болып табылады. Сөйтіп, бұл сәлемдесу іс жүзінде «Аллаһ сені қарап-бақсын және сені сақтасын!» дегенді білдіреді. Тура сол сияқты: «Аллаһ жар (сенімен бірге) болсын! – яғни: — Ол сені сақтасын, саған көмектессін және саған аман-есендік берсін», — деп те айтылып жатады.

[30] Бұл сөз Аллаһтан тұрақты беріліп тұратын барлық игілікті білдіреді.

[31] Әл-Бухари, Муслим, Ибн Аби Шәйба (1/90/2), әс-Сираж, Абу Йа‘лә өзінің «Муснад» кітабында (258/2). Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (321) кітабында келтірілген.

Мен (яғни шейх әл-Әлбани) былай деймін: Ибн Мәс‘удтың «Біз: «Әс-саләму ‘алә набийи — Пайғамбарға сәлем», — деп айтатынбыз» деген тұжырымдамасы сахабалардың (Аллаһ оларға разы болсын) «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде тәшаһһудта: «Әс-сәләму ‘аләй-кә аййу-һә-н-нәбийю — Сәлем саған, уа, Пайғамбар», — деп айтқандарын түсіндіреді, алайда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған соң олар оның орнына: «Әс-сәләму ‘алә нәбийи — Пайғамбарға сәлем», — деп айтып, олай істеуді тоқтатты. Олар бұны алдын ала Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рұқсатын алып істегені күмәнсіз; бұны ‘Аишаның (Аллаһ оған разы болсын) адамдарды құрамында  «Әс-саләму ‘алә нәбийи (Пайғамбарға сәлем)» деген сөздері бар тәшаһһудқа үйреткені де растайды, мұны әс-Сираж өзінің «Муснадында» (9/1/2) және әл-Мухлис «әл-Фәуа’идте» (11/54/1) оған барып тірелетін екі сенімді иснад арқылы жеткізгендеріндей.

Ибн Хәжар былай деп айтқан: «(Ибн Мәс‘удтың) бұл қосымшасы олардың (сахабалардың): «Әс-саләму ‘аляй-кә аййу-һә-н-нәбийю — Сәлем саған, уа, Пайғамбар», — деп, ол тірі кезінде  оған тікелей жүгініп айтқандарына, алайда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған соң олар оған (осы сөздер арқылы) жүгінбегендігіне, әрі мұның орнына олар: «Әс-сәләму ‘алә набийи (Пайғамбарға сәлем)», — деп, оны үшінші тарап түрінде еске алатынына айқын нұсқайды». Басқа бір жерде Ибн Хәжар сондай-ақ былай деп айтқан: «Әс-Субқи де «Шарх әл-Минһажда» осы хабарды тек Абу ‘Ауанадан: «Егер бұл сахабалардан сенімді түрде жеткізілген болса, онда (оның өмір сүру) кезеңі аяқталған соң сәлем беруде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  тікелей жүгіну міндетті болып табылмайды, әрі адам: «Әс-саләму ‘алә набийи (Пайғамбарға сәлем)», — деп айта алады», — деп келтіріп, осылайша  тұжырымдаған. (Әрі қарай Ибн Хәжар былай деп жалғастырады:) «Бұл хабар (әл-Бухаридің «Сахихында» бекітілгендігі себепті) сенімді екендігі ешбір күмән тұғызбайды, әрі мен оны күшейтетін басқа да күшті хабарларды таптым: ‘Абд әр-Раззақ былай деп айтқан: «Ибн Журайж маған: «‘Ата’ маған сахабалар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде: «Әс-сәләму ‘аләй-кә аййу-һә-н-нәбийю (Сәлем саған, уа, Пайғамбар)!», — деп айтқандарына, бірақ ол қайтыс болған соң олар:  «Әс-сәләму ‘алә нәбийи (Пайғамбарға сәлем)», — деп айтқандарын жеткізген, ал бұл хабардың тізбегі сенімді», — деген.  Ал Са‘ид ибн Мансурдың Абу ‘Убайда ибн Абдуллаһ ибн Мәс‘удтан, ол өзінің әкесінен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға тәшаһһудты үйретті және ол осы жерде оның (тәшаһһудын) айтқандығы туралы жеткізген хабарға келер болсақ, (бұл жерде) Ибн Аббас былай деп айтқан: «Біз: «Әс-сәләму ‘аләй-кә аййу-һә-н-нәбийу  (Сәлем саған, уа, Пайғамбар)!», — деп тек оның көзі тірісі кезінде айтатынбыз», — ал бұған  Ибн Мас’уд: «Бізді (бұрын) осылай үйреткен, әрі біз (қазір) де тура солай үйретеміз!», — деп жауап берген. (Сөйтіп,) Ибн Аббас бұл сөздерді пікірталас кезінде дәйек ретінде келтіріп, ал Ибн Мәс‘уд бұл дәйекті қабылдамаған болуы мүмкін. Десе де,  Абу Мә‘мардың хабары (әл-Бухариде келтірілген хадис) едәуір сенімдірек болып табылады, өйткені Абу ‘Убайда өзінің әкесінен хадистер естімеген, әрі бұдан қалса (бұл хабардың) тіпті Абу ‘Убайдаға дейінгі жеткізушілер тізбегі әлсіз» (Ибн Хәжардың сөздерінің соңы).

Ибн Хәжардың бұл сөздерін кейбір ғалымдар өзіндік зерттеулерін өткізу барысында келтіретін, олардың арасында:  әл-Қасталләни, әз-Зуркани, Луқнауи және басқалар. Олардың барлығы оның сөздерін келтіруді әрі оларды әрі қарай түсіндірме жасауға кіріспеуді абзал көрген.  Бұл жерде қозғалған тақырып осы кітаптың түпнұсқасында(«әл-Әсл») қаралады.

[32] Ән-Нәуауи былай деп айтқан: «Дұрыс нұсқасы, Ибн Мәс‘удтың және басқа (сахабалардың) хадистерінде хабарланатынындай, — «және» (арабша «уа») жалғаулық шылауы пайдаланғаны: «уәл-мубәракәту, уәс-саләуату, уат-таййибәту…». Алайда бұл жердегі  «және» (арабша «уа») жалғаулығы қысқарту мақсатында қалдырылған. Бұл рұқсат етіледі және араб тілінде норма (қалыпты) болып табылады. Хадистің мағынасы мынандай: намаз және оған ұласатын барлық нәрсе тек Аллаһ Тағалаға қатысты әрі басқа ешкімге емес».

[33] Муслим, Абу Ауана, әш-Шәфи‘и және ән-Нәса’и.

[34] Келесі ескертпені қараңыз.

[35] Бұл екі қосымша Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің тәшаһһудының бір бөлігі болғандығы (Сүннетте) бекітілген. Ибн Омар оларды өздігінен қоспады;  ол оларды (осы қосымшаларды) Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізген сахабалардан үйренді, ал кейіннен өзі Пайғамбардан  (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  тікелей естіген тәшаһһудқа қосып айтты.

[36] Абу Дәуд және әд-Дарақутни, соңғысы бұл хадисті сенімді деген.

[37] Муслим, Абу Ауана, Абу Дәуд және Ибн Мәжаһ.

[38] Мәлик және әл-Бәйһақи бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбектері арқылы келтірген.  Бұл хадис «мәуқуф» түрінде жеткізілгеніне қарамастан, іс жүзінде ол «мәрфу‘» түріне ие, өйткені мұндай нәрселер өз атыңнан айтылмайтыны белгілі, өйткені егер осылай болғанда, бұл сөздер Аллаһты еске алатын басқа сөздерден (зікірлерден) жақсырақ болмас еді, — мұның барлығына Ибн ‘Абд әл-Бәрр нұсқады.

Маңызды ескертпе: тәшаһһудтың бірде-бір үлгісінде «уа мағфиратуһу (және Оның кешірімі)» деген қосымша сөздер жоқ, сондықтан да намаз орындаушы оларға әдеттеніп алмауы керек. Алғашқы салиқалы алдынғы буын өкілдері (сәләфтар – аудармашыдан (қз.)) мұны теріске шығаратын , бұл туралы келесі хабарларда жеткізілетініндей:,

Әт-Табарани (3/56/1) Тәлха ибн Мусаррифтен сенімді тізбек арқылы оның былай деп айтқанын жеткізген:  «Раби‘ ибн Хайсам тәшаһһудты айтуда «…және Оның берекеті мен Оның кешірімі!»  деген қосымшаны жасады. Мұны естіген ‘Алқама: «Біз өзімізді үйреткен жерден, яғни: «Сәлем саған, уа, Пайғамбар, Аллаһтың мархаметі және Оның берекеті», — деп тоқтаймыз!», — деді». Іс жүзінде, ‘Алқама өзінің ұстазы — Абдуллаһ ибн Мәс‘удтың  (Аллаһ оған разы болсын) өнегесіне ілесті, ал одан бірде оның бір адамды тәшаһһуд сөздеріне үйреткені, әрі «ол «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ…» деген сөздерге келгенде, әлгі адам: «Оның серігі жоқ», — деп жалғастырды, бұған Абдуллаһ (ибн Мәс‘уд): «Бұл шындығында да осылай, бірақ біз бізге үйретілгенмен шектелеміз», — деп жауап бергені келтіріледі. (Осылай  әт-Табарани «Му‘жәм әл-Әусатта» (№ 2848) жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтірген).

[39] Бұл хадисті Ибн Аби Шәйба, әс-Сираж өзінің «Муснадында» (9/1/2), әл-Мухлис «әл-Фәуа’идте» (11/54/1) және әл-Бәйһақи (2/144) келтіреді.

жалғасы бар