Шейх Фаузан қазіргі заман ханафилерінің жағдайы туралы

Салих әл-Фаузан, Аллаһ оған есендік берсін, былай деді: «(Қазіргі заман ханафилері) өздерін ханафилерге телиді, әрі сонымен бірге ақидада Абу Ханифадан өзгешеленеді, олар фиқһта ғана оның жолына ілеседі де, ақида мәселелерінде оған қайшы келеді, олар ақиданы қаләм[1] мен қисынның жақтаушыларынан алады. Шафиилермен де осы нәрселер орын алды. Олардың соңғы буындары ақидада имам әш-Шафииге қайшы келеді де, фиқһқа қатысты нәрселерде ғана  өздерін оған қатысты етеді. Мәликилердің соңғы буындарының көбі де имам Мәликтің ақидасында емес. Олар имам Мәликтің мәзһабынан тек фиқһты ғана алады, ал ақидаға келер болсақ, олар тариқаттар  мен басқа да кейінгі ілімдердің  жақтаушылары болып табылады».

Қз.: «әт-Таълиқат аль-мухтасара алә матн «әл-Ақида әт-Тахауия»», 27-бет.

Сондай-ақ мыналарды оқуды ұсынамыз:

  1. Шейх Али бин Аби әл-’Изз аль-Ханафи
  2. Имам Абу Ханифа және оның мазһабы сүннетік пе?
  3. Матуридилер әһлю-Суннаға жатады ма?
  4. Абу Мансур әл-Матуриди деген кім?

 


[1] Қаләм — бұл діни-философиялық ағым. Оның өкілдері логика мен философияны оқып үйренуге ерекше назар қояды, өздерінің көзқарастарын логикалық дәйектердің негізінде құрады да, соларға Құран мен Сүннеттің қасиетті мәтіндеріне қарағанда басымдық береді. Осы орайда олар өз тәсілін «Логикалық дәйектер күмән тудырмайды, ал қасиетті мәтіндер болжаммен айтылған сипатқа ие» деген тұжырымдарымен негіздейді. Немесе олар: «Қасиетті мәтіндердің дәлелдері Исламның дұшпандарымен болатын пікірталастарда (олар тарапынан) қабылданбайды», — деп айтады, ал бұл оларды логикалық тұрғыдан дәйектеуге жүгінуге талпындырады. Алайда мұндай тәсіл сахабалар ұстанған жолға қайшы келеді, өйткені олар Құран мен Сүннеттің қасиетті мәтіндеріне адамдардың кез-келген логикалық дәйекетерінің және пікірлерінің үстінен басымдық беретін. Ал мутақаллимдердің, яғни қаләмға ілесушілердің әдістері сахабалардың әдіснамасында (мәнһажында) көрініс таппағандықтан, олар: «Сахабалар діннің негізгі ережелерін жетік менгермеген, өйткені Аллаһтың жолындағы соғыстармен айналысқан және күш-қайратын дінді қорғауда жұмсаған», — деп есептейді. Қаләмның жақтаушылары өздерінің жолын Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының, Аллаһ олардың барлығына разы болсын, жолынан едәуір сауаттырақ және едәуір жетік деп ойлайды. Сөйтіп олар сахабалардың артықшылықтарын кемсітеді, олардың діннің негіздеріндегі білімдерін жетік емес, ал олардың бұл жолдағы күш-қайрат жұмсауын толыққанды емес деп айтады. Оларға мұндай қатынас жасау «Сахабалардың жолы — ең дұрыс, ең сауатты, ең кемел жол!» деп есептейтін Әһлю-Сунна болған және оның төңірегіне бірігетін адамдардың (Әһлю-Сунна уәл жәмаъаның) ұстанымына мүлде үйлеспейді. Сүннеттің жақтаушылары болған және оның төңірегіне бірігетін адамдар сондай-ақ: «Сахабалардың көзқарастары дұрыс және шынайы болды, ал оларға қайшы келетін нәрсенің барлығы адасушылық болып табылады», — деп есептейді. Айтылғанның барлығынан мутақаллимдердің және басқа да бидғатшылардың өздерін Әһлю-Сунна уәл жәмаъаға қатысты етуге деген талаптары әділетсіз және бұзық болып табылатыны айқын болады.