• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (15)

    Ниет[1] «النِّيَّةُ» Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «إنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ، وَإِنَّمَا لِكُلِّ امْرِئٍ مَا نَوَى» «Ақиқатында, амалдар тек ниетке қарай (бағаланады), әрі, ақиқатында, әрбір адамның үлесіне ол (алуды) ниет еткен нәрсесі ғана тиеді»[2]. [1] Ән-Нәуауи «Раудат әт-Талибинде» (1/224) былай дейді: «Ниет – бұл мақсат, сондықтан да намазды орындауға кірісуші адам адам, осы намазды және, мысалы, бұл қандай намаз: ол парыз ба әлде жоқ па? — және т.с.с. оның ерекшіліктеріне қатысты нәрселерді есіне алады, әрі алғашқы тәкбірді айтқанда оларды біртұтас етіп біріктіреді». [2] Әл-Бухари, Муслим және басқалар. Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (22) кітабында келтірілген. Сондай-ақ «Сахих ал-Бухари» (краткое изл.), 1-ое издание на…

  • Ақида,  Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (14)

    Қабірге қарап намаз оқуға тыйым салынғандығы туралы «الصَّلاَةُ تُجَاهَ القَبْرِ»   Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):  «لا تُصَّلُّوا إِلى القُبُورِ، وِلاَ تَجْلِسُوا عَلَيْهَا»  «Қабірлерге қарап намаз орындамаңдар және олардың үстіне отырмаңдар», — деп, намазды қабірге қарап орындауға тыйым салатын.[1] [1] Сол жерде. Толығырақ танысу үшін менің «Тахзир әс-сәжада» («Ғибадат етушіні қабірлерді намаз орындау орындары ретінде таңдаудан сақтандыру») және «Әхкам әл-Жәна’из уа бидауһа» («Жаназа рәсімдері және онымен байланысты діни бидғаттар»). жалғасы бар

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (13)

    Намазды бұзатын нәрселер туралы «مَا يَقْطَعُ اْلصَّلاَةَ» Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «يَقْطَعُ صَلاَةَ الرَّجُلِ إِذَا لَمْ يَكُنْ بَيْنَ يَدَيْهِ مِثْلُ آخِرَةِ الرَّحْلِ: الْمَرْأَةُ [الحَائِضُ]، وَالْحِمَارُ، وَالْكَلْبُ الأَسْوَدُ». « الْكَلْبُ الأَسْوَدُ شَيْطَانٌ ». «Егер намаз орындаушының алдында ер тоқым сияқты бір нәрсе болмай, оның алдынан (етеккірі келетін[1]) әйел, есек немесе қара ит кесіп өтсе, оның намазы үзілген болады». Абу Зарр: «Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Не үшін қара ит, ал (мысалы) қызыл емес?», — деп сұрадым. Сонда ол:  «Қара ит – шайтан!», — деп жауап берді»[2]. [1] Яғни кәмелетке толған әйел. Бұл жердегі «үзілген (қырқылған)» деген сөз «зая етілген» дегенді білдіреді. Ал «Намазды еш нәрсе үзілген…

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (12)

    Намаз орындаушының алдында сутра[1] болуы және оның міндеттілігі туралы «السُّتْرَةُ وَوُجُوبُهَا»   «Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сутраға жақын тұратыны соншалықты — онымен қабырға арасындағы (қашықтық) үш шынтақ болатын».[2]  Ал «оның сәжде жасайтын орны мен қабырғаның арасында қой өтуге жеткілікті қашықтық қалатын»[3].

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (11)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз. Мінбер үстінде орындалатын намаз туралы[1] «الصَّلاَةُ عَلَى اْلمِنْبَرِ» «Бірде ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды мінберде (бұл хадистің басқа бір нұсқасында «…үш баспалдағы бар»[2] деп айтылады) тұрып орындады.

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (10)

    Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз. Намазды аяқ киім киген күйде орындау және осылай істеуге нұсқау туралы «الصَّلاَةُ فِي النِّعَالِ وَاْلأَمْرُ بِهَا» «Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейде  (намазда) жалаң аяқ, кейде аяқ киім киіп тұратын»[1].

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (9)

    Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз. Таһажжуд[1] намазындағы тік тұру (қийям) және отыру (қу’уд) туралы «القِيَامُ وَالقُعُودُ فِي صَلاَةِ اللّيْلِ» «Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнде ұзақ уақыт бойы тұрып және ұзақ уақыт бойы отырып намаз орындайтын. Егер ол Құранды тұрып оқыса, рукуғты тұрып орындайтын, ал егер Құранды отырып оқыса, рукуғты отырып орындайтын»[2].

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (8)

    Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз. Кемедегі намаз «الصَّلَاةُ فِي اْلسَّفِيْنَةِ» (Бірде) оған (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кеме үстінде намаз орындау туралы сұрақ қойылды, ал ол: «صَلِّ فِيهَا قَائِمًا إِلاَّ أَنْ تَخَافَ الْغَرَقَ» «Егер суға батып кетуден қауіптенбесең, оның үстінде намазды тұрып орында», — деп жауап берді[1].

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (7)

    Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз. Науқас адамның намазды отырып орындауы туралы «صَلَاةُ اْلمَرِيْضِ جَالِساً» ’Имран ибн Хусайн (Аллаһ оған разы болсын) былай деп жеткізген: «Менде көтеу (гемморой ауруы) болатын, әрі мен Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды (қалай орындау туралы) сұрадым. Ол: «صَلِّ فِيْهَا قَائِماً؛ إِلاَّ أَنْ تَخَافَ اْلغَرَقَ». «صَلِّ قَائِماً، فَإِنْ لَمْ تَسْتَطِعْ فَقَاعِداً، فَإِنْ لَمْ تَسْتَطِعْ فَعَلَى جَنْبٍ» «Намазды тұрып орында, бірақ (олай) істей алмасаң — отырып,…

  • Фиқһ мәселелері

    ПАЙҒАМБАР (ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) НАМАЗЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ (6)

    Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз. Намаз кезінде тік тұру (қийям) «القِيَامُ» Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағаланың وَقُومُواْ لِلّهِ قَانِتِي    «Аллаһтың алдында мойынсұнған күйде тұрыңдар!» («әл-Бақара» сүресі, 238-аят) деген нұсқауын орындап, (намазда) тік тұратын.