• Ақида,  Бұрмалаулар

    Түркістанда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жерленген дегенді теріске шығару

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының жетінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Түркістанға жасалатын сапарларды ел ішінде одан сайын насихаттау мақсатында қараңғы елді шырмауына салып жүрген қабірлер мен «аталар» әруақтарына  табынушылар осы жерлерде Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Укашаның құдығы бар, ал Арыстан Баб Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көрген және одан аманат алған деген жалған деректерді таратудан да тайынбайды. Пұтқа табынушылықтың аясын кеңейту мақсатында сахабалардың қабірлерін немесе оларға қатысты орындарды қолдан жасап алу тәсілі жиі қолданылады. Алайда, шын мәнісінде, белгілі бір жерде қандай да бір әулиенің немесе атаның…

  • Ақида

    Ізгі ата-бабаларды шектен тыс қадірлеу – көпқұдайшылыққа апарар бірінші қадам

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының бесінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Біздің ата-бабаларымыз салиқалы адамдардың қатарынан болғандығына күмән жоқ. Дәл сол кісілер Исламды қабылдап, біздің жерлерімізде осы дінге шақырудың және оның нұрын таратудың ауыр да, сауапты да, жауапты да жүгін өз мойындарына алды. Көптеген тарихи фактілер олардың тақуалығы, ержүректігі және ұлықтығы тұралы куәлік етеді. Дәл сондықтан да олардың бізге деген көптеген қақылары бар. Біз бірқұдайшылықтың саф дініне сәйкес келетін нәрселерде олардың үлгі-өнегесіне ілесуіміз қажет және олар үшін Аллаһтан кешірім сұрауымыз керек. Олар Құран мен Сүннетті ұстанып, осы діннің заң-ережелеріне қатаң ілескендігі үшін ғана ұлылық…

  • Ақида

    Тарихи жәдігерлік орындарда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының алтыншы тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Тарихи жәдігерлік орындарда, соның ішінде қабірлерде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу сахабалар мен олардың ізбасарларының кезінде белгісіз әрекет еді. Мұсылмандар, олардың ғалымдары да, ғалым еместері де, одан да маңыздырақ болған нәрселермен айналысатын: олар бар жігер-ынтасын өздерінің дінін біліп-үйренуге, соған сәйкес амал етуге бағыттайтын немесе ауыл шаруашылығы және басқа да бұл дүниеде өздеріне пайда келтіретін кәсіптермен айналысатын. 

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (37)

    Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат[1] айту: оның орны және түрлері «الصَّلاَةُ عَلَى النَّبيِّ ، وَمَوْضِعِهَا، وَصِيَغِهَا»  Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірінші және басқа тәшаһһудтарда[2] өзі үшін салауат айтып Аллаһқа жалбарынатын[3]. Ол сондай-ақ өзінің үмметіне оған сәлем[4] жолдағаннан кейін ол үшін салауаттар айтып, Аллаһқа жалбарынуды бұйырып, мұны олар үшін бекітіп орнатты және оның түрлі үлгілерін үйретті:

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (36)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Бірінші тәшаһһуд «التَّشَهُدُ الأَوَّلُ»  Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екінші ракағатты орындап болған соң тәшаһһудты айту үшін отырып алатын. Егер намаз екі ракағаттан тұрса, мысалы, таң (фәжр) намазындай, онда ол екі сәжденің арасындағыдай «ифтираш» үлгісімен отыратын[1].  Үш немесе төрт ракағаттан тұратын намаздарда «ол бірінші тәшаһһудты орындаған кезде де» тура сол сияқты отыратын[2].

  • Ақида,  Әдіснама

    Көпқұдайшылықтың таралуының басты себебі туралы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының төртінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атыме Көпқұдайшылықтың таралуының басты себебі сіздің үнсіздігіңіз бен бейтараптығыңыз екенін біліңіз, уа, құрметті оқырман. Имам әш-Шәукани былай деген: «Бұл адамдардың қайтыс болған кісілерге қатысты өз бойларында алып жүрген сенімдері көпқұдайшылық болып табылатынын біл.  Алайда, мұның мәні тіпті ғылым иелеріне де байқаусыз қалып жатады. Бұл осы туралы білімнің өздігінен жасырын болғандығынан емес, бірақ көпшіліктің осы туралы үндемеуі себепті, сондай-ақ осының үстінде қарт адамның өмірі өткендігі және жас осының үстінде есейгендігі себепті. 

  • Ақида

    Елімізде көпқұдайшылықтың енгізілуінің сатылары

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының үшінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атыме Көпқұдайшылықтың таралуы және оның шабуылы біздің жерімізде екпінді түрде жүріп жатқанын біліңіз, құрметті оқырман. Осы орайда біз үнсіз қалып, оны тоқтату үшін және оның мәнін, қауіптілігін және ол қай бағыттан келе жатқанын түсіндіру үшін еш нәрсе істеп те жатқан жоқпыз. Соңғы жылдарда жай болса да, бірақ табанды түрде Түркістанда, Арыстан-бабта, Бекет Атада және сол сияқты басқа да жерлерде пұтқа табынушылық рәсімдерінің жандануы жүріп жатыр.

  • Ақида

    Адамдарға көпқұдайшылықтың мәнін және оның түрлерін жан-жақты түсіндіру қажеттілігі туралы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының екінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз шақыруының барлық уақытын көпқұдайшылықтың мәнін және оның түрлерін түсіндіруге бағыштады.  Ол оны түсіндірудің және одан сақтандырудың маңыздылығын басқа күнәлардың қауіптілігін түсіндірудің маңыздылығынан жоғарырақ қойды. Мұның себептері келесіде еді:

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (35)

    «Әл-Фатиха» сүресін әрбір ракағатта оқудың міндеттілігі туралы «وُجُوبُ قِرَاءَةِ الفَاتِحَةِ فِي كُلِّ رَكْعَةٍ» Ол «намазды нашар орындаған адамға» «әл-Фатиха» сүресін әрбір ракағатта оқуды бұйырды, әрі оған оны бірінші ракағатта оқу туралы бұйрығынан соң[1] бұны: «…Әрі барлық намазыңда осылай істе!», — деді[2].

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (34)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. (Бірінші) сәждеден кейін  бой түзеп отыру туралы «الرَّفْعُ مِنَ السُّجُودِ» Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәжде жасағаннан соң, тәкбір айтып, басын көтеретін»[1] және «намазды нашар орындаған адамға»: «لاَتَتِمّ صَلاةُ لِأَحَدٍ مِنَ النَّاسِ حَتَّى… يَسْجُدَ، حَتَّى تَطْمَئِنَ مَفَاصِلُه، ثُمَّ يَقُولُ: «اللهُ أكْبَرُ»، وَيَرْفَعُ رَأسَهُ حَتَّى يَسْتَوِي قَاعِداً». «Адамның намазы, …. ол буындары тынышталғанға дейін сәжде жасамайынша, ал кейін: «Аллаһу әкбар! (Аллаһ Ұлы!)», — деп, басын көтермейінше және тік отырмайынша, толық болмайды», — деп айтып, осыны бұйырған[2]. Сондай-ақ кейде «ол осы тәкбірді айтқан кезінде екі қолын көтеретін»[3].