• Ақида

    Имам Абу Ханифаның тағдыр туралы айтқан сөздері

    1. ”Бірде бір кісі Абу Ханифаға онымен тағдыр туралы айтысу үшін келді. Сонда Абу Ханифа оған: «Тағдырды игергісі келетін адам күн көзінің дақтарына қараушыға ұқсайды. Ол қаншалықты көп қараған сайын, соншалықты көп абдырауға түседі», — деді”. Қз.: «Қалаид Уқуд әл-Акйян» (каф –77–ба). 2. Абу Ханифа былай деген: «Аллаһ Тағала заттар пайда болғанға дейін олар туралы мәңгі білімге ие еді». Қз.: «әл-Фиқһ әл-Әкбар», 302-303 беттер.

  • Ақида

    Абу Ханифаның иман туралы айтқан сөздері

    1. Абу Ханифа былай деген: «Иман – бұл (иман куәлігін тілмен) бекіту және (жүрекпен) растау». Қз.: «әл-Фиқһ әл-Әкбар»,  304. 2. Абу Ханифа былай деген: «Иман бұл тілмен бекіту және жүрекпен растау (жәнан). Тілмен бекітудің өзі ғана иман болмайды». Қз.: «Китаб әл-Уәсыййя» шархымен,  әт-Тахауи бұл сөзді Абу Ханифадан және оның екі шәкіртінен жеткізген; «әл-Ақида әт-Тахауиййя» шархымен,  360.

  • Ақида

    Төрт имамның ақидасы негізінде бірдей екендігі туралы

    Төрт имамның – Абу Ханифаның, Мәликтің, әш-Шәфи’идің және Ахмадтың ақидасы Құран мен Сүннетте баяндалғанға сәйкес келеді. Олардың ақидасы сахабалардың және олардың ізінен шын ықыласпен ауытқымай ілескен ізбасарларының ұстанған көзқарастарына да сәйкес келеді.  Бұл имамдардың арасында дін негіздері мәселелеріне қатысты ешқандай келіспеушіліктер жоқ. Олар Раббының сипаттарына және Құран – Аллаһтың сөзі болып табылып, жаратылмағанына иман келтіру жөнінде бірауызды келіскен. Имамдардың көзқарастарына сәйкес иманның міндетті шарты болып тілмен және жүрекпен растау болып табылады. Олардың барлығы грек пәлсапасының және кәламға негізделген пікірлердің ықпалында жүрген жәхмилерден және басқа секталардан болған кәламның жақтаушыларын сөгетін.

  • Имамның өмірі

    Имамның адамдармен қарым-қатынасы

    Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, жомарттығы және кеңпейілдігі туралы былай деп жеткізіледі: Имам әл-Хәлаби, Ахмад әл-Аскари және әс-Саймари Мис‘ардың былай дегенін жеткізеді: «Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, балаларына бір нәрселер сатып алып жатқан кезінде, немесе оған ең алғашқы жемістерді алып келетін кезде, ол осыдан мухаддистерден болған шейхтарға да сатып алатын және оларға өзі мен балаларына жұмсағаннан көбірек қаражат жұмсайтын, сауда істерінде және адамдармен болған қарым-қатынасында ол үнемі кеңпейілділік танытатын». Хафиз әс-Сулами былай деп айтқан: «Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, саудамен айналысатын, ал жыл соңында пайда ретінде түскен ақшаны жинаған кезінде, оған мухаддистер мұқтаж болған нәрселерді сатып алатын да, ал осыдан қалған дирхамдарды тағы соларға беретін…

  • Имамның өмірі

    Имамның салиқалығы және бұл дүниені тәрк етуі туралы

    Әл-Мууаффақ әл-Фәйд бин Мухаммад әр-Раккидің былай деп айтқанын жеткізеді: “Куфаға жол жүріп бара жатып, Бағдадта болғанымда, мен сол жерде Абу Ханифамен кездестім. Ол маған: «Хәммадты (Абу Ханифаның баласы) тап та, оған менен: «Сен менің бір айда екі дирхамға сауиқ[1] жейтінімді білесің және оны ұстап отырсың», — дегенімді жеткіз де, оны тездетіп жібер», — деді”. Әл-Мууаффақ былай деген: «Бәлкім, бұл Абу Ханифаның оған халифа әл-Мәнсур (754-775 жж.) ұсынған қады лауазымынан табанды түрде бас тартқандығы үшін Бағдадта қамауда болған кезінде орын алған болуы мүмкін. Ол өзінің шын ықыласты салиқалылығының себебімен халифа оған жіберген ас-тағамдардан бас тартатын және өзіне Куфадан тамақ жіберуді сұрайтын». Әл-Мууаффақ Абу Ханифа оны тауарлармен қамтамасыз ететін серіктесі болған Хафса…

  • Ақида

    Имам Абу Ханифаның Бірқұдайшылық (Таухид) туралы айтқан сөздері

    Біріншісі: Имам Абу Ханифаның Бірқұдайшылыққа (Таухид) қатысты ақидасы, Аллаһқа жақындаудың шариғи тәсілін (әт-тәуассул әш-шәриғи) және Аллаһқа жақындаудың дінбұзар тәсілін (әт-тәуассул әл-бидғи) түсіндіруі: 1. Абу Ханифа былай деген: «Кім Аллаһқа дұға етсе, Оған тек Оның Өзі арқылы ғана жалбарынуы қажет. Рұқсат етілген және олар арқылы (Аллаһқа жалбарыну) бұйырылған дұғалар туралы Аллаһ Тағаланың мына сөздерінде айтылады: «Ең жақсы есімдер Аллаһқа тән. Сондықтан оған сол есімдер арқылы жалбарыныңдар. Оның есімдерінде қатысты  ақиқаттан бас тартатындарды қойып-қойыңдар. Олар істегендерінің сазайын тартады» («әл-Әғраф» сүресі, 180-аят)». Қз.: «әд-Дурр әл-Мухтар», 6/396-397.

  • Имамның өмірі

    Имамның Аллаһ Тағалаға құлшылық етуі

    Хафс бин Абд әр-Рахманның былай дегені жеткізіледі: «Мен Абу Ханифамен отыз жыл бойы іскерлік қатынаста болдым. Ол Құранды әр үш күн сайын оқып бітіретін және күнде садақа беретін». Әл-Мууаффақ Букайр бин Мә‘руфтың былай деп айтқанын жеткізеді: «Мен Абу Ханифамен оның сапарлары кезінде де, ол қалада болған кезде де ажырамай жүрдім, оның түнде өз үйінде немен айналысатынын көрдім, әрі маған жасырын болып қалған нәрселер аз болды. Мен одан артық ыждағаттылықпен ерекшеленетін адам кездестірмеппін! Ол күндіз ораза ұстайтын, ал түнде намазда тұратын және Құран оқитын. Ол айырықша бойсұнушылықпен  ерекшеленетін, ешқашан Аллаһқа мойынсұнудан шықпайтын және адамдарға түсіну қиын болған нәрселерде олардың сауатын ашатын. Аллаһ Тағала оған Өзінің ұлы рахымын нәсіп етсін!» Аллаһқа құлшылық…

  • Имамның өмірі

    Имамның сыртқы бейнесі және адамгершілік сипаттары

    Имам Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, орта бойдан биіктеу, қараторы адам болған. Ол ұнамды және жылы жүзді келбетке ие еді, ұзын сақалы бар болатын, әдемі киім, сәлде және кебістер киетін.  Оның дауысы әдемі еді, ол сөзге шешен болатын, хош иістерді жиі пайдаланатын және олардың иістерінен оның келгенін білуге болатын. Ол ерекше арық еді, өйткені оның Аллаһтан қорыққандығынан және ұзақ ғибадаттарынан сүйектерінде май түгілі, ет те қалмауға жақын еді. Әдетте адамның адамгершілік сипаттары оның иманының жемісі болып табылады және оның жүрегін қандай дәрежеде иман, салиқалылық және тақуалық толтырғанына нұсқайды. Иман қаншалықты күшті болса, ол жүректе қаншалықты мығым орнықса және оны өзінің нұрымен қаншалықты толтырса – соншалықты адамның адамгершілік сипаттары…

  • Имамның өмірі

    Абу Ханифаның ең көрнекті шәкірттері

    Аллаһ Тағала Өзінің қалауымен Абу Ханифаны, Аллаһ оны рахым етсін, ұлы шәкірттердің болуымен де құрметтеді. Имам олармен бірге фиқһ мәселелерін шешіп, оның негіздерін жасап шығаратын, ал бұл оған қателік жасауға таяу қалған сәттерінде оны жасаудан құтылуға мүмкіндік беретін. Шейх Абд әл-Қадир әл-Қурашидің «әл-Жәуәхир әл-мудийя» атты кітабында келтірілген Йахйя бин Закарийя бин Абу Зәидтің өмірбаянында Әсад бин әл-Фураттың былай дегені келтіріледі: «Абу Ханифаның жазу жазатын ізбасарларының саны қырық адамға жететін, ал олардың ең танымал ондығының құрамына Абу Йусуф, Зуфар, Дауд әт-Та’и, Әсад бин Амр, Йусуф бин Халид әс-Самти және Йахйа бин Закарийя кіретін». Шейх Ахмад әл-Мәкки әл-Хорезми ірі ғалымдардың санатынан болған имамның сөздерін жеткізушілердің саны жеті жүзге жеткен және олардың әрқайсысы…