Сира - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны

Әлемдер үшін мейірім. Бірінші тарау: Ең жақсылардың ең жақсысы

Пайғамбардың толық есімі — Мухаммад ибн ‘Абдуллаһ ибн ‘Абд әл-Мутталиб ибн Хашим ибн ‘Абд Манаф ибн Қусайй ибн Киләб ибн Мурра ибн Ка‘б ибн Лу’айй ибн Ғалиб ибн Фихр ибн Мәлик ибн ән-Надр ибн Кинана ибн Хузайма ибн Мудрика ибн Иляс ибн Мудар ибн Низар ибн Ма‘ад ибн ‘Аднан. Оның шыққан тегі ең атақты әрі ең ардақты еді. Ол туралы ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, Аллаһ Исмаилдің ұрпақтарынан Кинана тайпасын таңдап алды, Кинанадан – құрайштықтарды, құрайштықтардан – хашим руын, ал хашим руынан – мені таңдады» (Муслим (№ 2276)).

Сөйтіп, ол шыққан тегін Ибраһимнің (оған және Пайғамбарымызға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ұлы Исмаилден бастайтын арабтарға жататын құрайштықтардан еді.[1]

Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) раби’ әл-әууәл айында[2], дүйсенбі күні[3], христиан жыл санауы бойынша 571 жылға сәйкес келетін Піл жылы (қ-з: «Әр-рахик әл-махтум» 53-бет) дүниеге келді.

Ол 63 жасында қайтыс болды, оның алғашқы қырық жылын пайғамбар болмаған күйінде, ал кейінгі жиырма үш жылын пайғамбар әрі Құдайдың елшісі күйінде өмір сүрді.  Ол өзіне «әл-‘Аләк» («Ұйыған қан») сүресінің алғашқы бес аяты түсуімен пайғамбар болды, әрі Аллаһтан «әл-Муддассир» («Оранып алған») сүресін алуымен елші болды. Оның туып-өскен қаласы Мекке еді, әрі ол одан Мәдинаға қоныс аударды (һижра жасады). Аллаһ Тағала оны адамдарға оларды көпқұдайшылықтан сақтандыру үшін және  Жалғыз Жаратушыға құлшылық етуге шақыру үшін жіберді.  Өз миссиясының алғашқы он жылын ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды тек бірқұдайшылыққа шықыруға ғана арнады. Тек содан соң ғана ол көктерге көтерілді, әрі сол жерде Аллаһ оған және оның үмметіне күн сайын орындалатын бес уақыт намазды парыз етті.   Осы бұйрықты Меккеде үш жыл бойы орындағаннан кейін, ол Аллаһтан Мәдинаға қоныс аудару әмірін алды. Ода орныққан және бекем болған соң[4], ол Аллаһтан шариғаттың зекет, ораза, қажылық, жиһад, азан, жақсылыққа жақырып жамандықтан қайтару және басқа да сол сияқты бұйрықтарын алды.  Шариғат заңдарын орнату он жыл бойы жалғасып отырды, содан соң Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болды. Ол бұл дүниеден өтті, алайда оның діні қалды. Ол өзінің үмметіне нұсқамай кеткен бір-бір игілік жоқ, әрі ол оған ескерпей кеткеткен бірде-бір жамандық жоқ.  Ол – пайғамбарлардың соңғысы және олардың мөрі, одан кейін пайғамбарлар болмаған да, болмайды да. Аллаһ Тағала оны бүкіл адамдар мен жындарға жіберді,  әрі оларды оған бағынумен міндеттеді. Кім оның бұйрықтарына мойынсұнса — Жәннатқа кіреді, ал кім мойынсұнбаушылық жасаса – Тозаққа кіреді («Сахих әл-Бухари» (№ 6851), «Әл-усул әс-сәләса» шейх Мухаммад ибн Абдул-Уәһһаб (75, 76 беттер).

Осы тарауда айтылғандардан бірқатар пайдалы тұжырымдар және өсиеттер алуға болады:

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) – ең жақсылардың ең жақсысы. Ол адамзаттың ең абзалы, олардың ішіндегі шыққан тегі бойынша ең ардақтысы, ең таза және ең қуатты ақылдың иесі. Ол бұл дүниеде де, Ақыретте де олардың ішіндегі ең жоғары мәртебеге әрі ең ұлы шарапатқа ие. Қиямет Күні оның ілесушілерінің саны басқа пайғамбарлардың ілесушілерінен асып түседі.

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне байланысты жыл сайынғы салтанаттарды (мәуліт) өткізу жол беруге болматын діни жаңалық (бидғат) болып табылады, өйткені Пайғамбардың көзі тірісінде оның өзі де, ол қайтыс болуынан кейін оның сахабалары да, олардың ізбасарлары да мұндай ешнәрсе істемеген.  Бұдан тыс, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) раби’ әл-әууәл айының он екісінде туылуы нақты емес. Оның нақты туылған күніне байланысты талас-тартыстар бар. Бірақ ол нақты белгілі болған жағдайда да, бәрібір оны жоғарыда айтылғандардың негізінде әрі Пайғамбардың: «Кімде-кім біздің дінімізге оған қатысы жоқ нәрсе енгізсе, бұл (діндегі жаңалық) Аллаһ тарапынан тәрк етіледі», — деген сөздеріне сәйкес атап өтуге болмайды (әл-Бухари (№ 2697), Муслим (№ 1718)).

Бұл хадистің Муслим келтіретін риуаятында Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Біздің дінімізге сәйкес келмейтін әлдебір нәрсе жасаушының кез-келген ісі тәрк етіледі» (Қ-з: «Тахзир мин әл-бида’» шейх Абдул-Азиз ибн Баз, Аллаһ оны рахымын етсін).

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) міндеті – адамдарды жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етуге әрі оларды пұтқа табынушылықтың қараңғылығынан бірқұдайшылықтың жарығына, күнәлардың түнегінен салиқалылықтың нұрына, надандықтан білімге шығару еді. Ол өзінің ілесушіліеріне нұсқамай кеткен бірде-бір игілік, әрі оларды одан сақтармай кеткен бірде-бір жамандық жоқ.

 

[1] Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Адамға дейінгі шежіресі Ибн Касирдің «Әл-бидая уән-нихая» кітабында, сондай-ақ Ибн Хишамда (1/1) келтіріледі. Ал оның ‘Аднанға дейінгі шежіресіне келер болсақ, ол туралы Ибн әл-Қаййим былай деген: «Оның сенімділігі шежіре ғылымының барлық білгірлері тарапынан бірауызды түрде расталады, әрі ол туралы ешқандай келіспеушіліктер жоқ. Ал  ‘Аднаннан жоғары болған шежіренің бөлігінде келіспеушіліктер бар. Алайда ‘Аднан — сахабалардан, олардың ізбасарларынан және олардан кейін өмір сүрген ұрпақтардан болған ғалымдардың ортақ пікіріне сәйкес, Ибраһимнің Аллаһ Тағалаға құрбан шалуына тиісті болған баласының дәл өзі болған Исмаилдің ұрпағы екенінде ешкімде күмән жоқ» [«Заду-л-мә’ад», 1/71].

[2] Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) піл жылының раби’ әл-әууәл айында дүниеге келгені белгілі факт. Кейбір діндар ғалымдар тіпті дін білгірлерінің бұл жайындағы бірауызды пікірін  (ижма’) жеткізген болатын. Қ-з: «Тахзиб әс-сира» имам ән-Нәуауи (20-бет).

[3] Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүйсенбіде туылғандығы сахих хадистермен расталады. Муслимде  (2/820) Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүйсенбі күні ораза ұстау туралы сұрақ қойылғанда, ол: «Бұл күні мен туылғанмын, әрі осы күні алғаш рет көктен уахи алғанмын», — деп жауап бергені жеткізіледі.

Оның туылған күні туралы айтар болсақ, онда бұл жөнінде бірнеше пікір бар. (Оның туылған күні ретінде) раби’ әл-әууәл айының екісі, сегізі, оны, он екісі, он жетісі және басқа да күндер аталады. Ал ең танымал әрі ақиқатқа да ең жақын  пікір екеу. Біріншісі: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) раби’ әл-әууәл айының екісінде туылғаны. Имам Ибн АбдулБарр тарихшыларға жүгініп, осы пікірді абзал көрген (қз. «Әл-бидая уә-н-нихайа» 2/260). Екіншісі: оның раби’ әл-әууәлдің он екісінде туылғаны. Бұл күн, бұған Ибн Касир нұсқайтынындай, Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянын зертеген ғалымдардың арасында ең танымалы болып табылады (қз.: «Әл-бидайа уән-нихайа» 2/260). Оған Ибн Исхақ та сенімді түрде нұсқаған (қз.: «Сира ибн Хишам», 1/171).

[4] Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға келуі раби’ әл-әууәл айының дүйсенбілерінің бірінде орын алды. Кейбір тарихшылар оны  раби’ әл-әууәл айының он екісі деп айтқан. Қз. «Фатх әл-Бари» 7/224.

жалғасы бар