Ақида

Ханафи ғалымдары «Лә иляһә иллә-Ллаһ» куәлігінің мағынасы туралы

«Лә иләһә иллә-Ллаһ» куәлігі – «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім (ешбір құдай) жоқ» дегенді білдіреді. Аллаһ Тағала былай деді: «Біл, Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ…» (Мухаммад, 19).

Аллаһ сондай-ақ былай деді: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Ол тірі, толық Меңгеруші» (Әли Имран, 2).

Бұл аяттың мағынасы жалғыз Аллаһ қана құлшылық етуге лайықты құдай екендігінде. Бұл сөз құлшылық жасалатын кез келген өзге шынайы құдайдың болуын жоққа шығарады. «Иллә-Ллаһ» («Аллаһтан басқа») сөзі Аллаһтың билік құруда теңдестері жоқ болғандығы сияқты, Оның құлшылық етуде де ешбір серігі жоқ дегенді білдіреді.

«Лә иләһә иллә-Ллаһ» куәлігі теріске шығарудан және бекітіп айтудан тұрады. «Ля иляһа» – «(құлшылыққа лайықты) құдай жоқ» – теріске шығару, ал «иллә-Ллаһ» – «Аллаһтан өзге» — бекітіп айту. Құдай – бұл құлшылықтың объектісі (мағбуд). Әркімнің құдайы оның құлшылық қылатын объектісі болып табылады.  Аллаһтан өзге құлшылық жасалатын объектілер де құдайлар болып табылады, алайда бұл құдайлар жалған. Олар шынайы құдайлар емес. Аллаһ Тағала былай деді: «Міне, күдіксіз, Аллаһ — Ол хақ. Расында олардың Аллаһтан өзге сиынғандары ол босқа. Рас, Аллаһ — Ол өте Жоғары, аса Ұлы». (Хадж, 62).

Куәлік сөздері жеті шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Бұл шарттардың қайсысын болса да орындамау және Құран мен Сүннетке сәйкес түсінбеу осы куәлікті айтушыға ешқандай пайда бермейді. Төменде біз Исламның атақты ғалымдары тарапынан Қасиетті Құранның және сахих (сенімді) Сүннеттің мәтіндерінен алған осы шарттарды келтіреміз.

  • 1. Надандыққа қарама-қайшы келетін білім;
  • 2. Күмәнға қарама-қайшы келетін сенушілік;
  • 3. Өтірікке қарама-қайшы келетін шыншылдық;
  • 4. Ширкке қарама-қайшы келетін ықылас;
  • 5. Жек көрушілікке қарама-қайшы келетін сүю;
  • 6. Тастауға (қалдыруға) қарама-қайшы келетін ілесу (еру);
  • 7. Теріске шығаруға қарама-қайшы келетін мойындау.

Имам Мухаммад әс-Сахсауани (1326 х/ж) былай деген: «Біл, Аллаһ Тағаланың  елшілерді жіберуі мен Құранды түсіруі жаратылыстарға Ол оларды жаратқанын және оларға ризық беретінін түсіндіру үшін емес еді. Бұл оны кез келген көпқұдайшыл Кітап түсірілгенге дейін де мойындағандығы себебінен». Қз.: «Сыянат уль-инсан» 164-бет.

Имам әл-Худжанди (1379 х/ж) былай деген: «Лә иләһә иллә-Ллаһ» («Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ») сөздері Ислам мен күпірлікті ажырататын сөздер болып табылатынын біл…  әрі бұл жерде осы сөздерді олардың мағынасын түсінбестен, тек тілмен ғана айту меңзеліп тұрған жоқ, бірақ олардың мағынасын түсінген және оларға бағынған күйде оларды тілмен айту меңзеліп тұр». Содан соң имам кейбір дәлелдерді келтірді де, кейін былай деді: «Және адамдардың көпшілігінің бұл куәліктің мағынасына қатысты надандықтары айқын көрінетін басқа да хадистер (бар). Сондықтан бұл сөздердің мағынасын білген және оған жүрекпен сенген күйде оларды айтқан адам Исламға кіреді және Жәннат тұрғындарының біріне айналады». Қз.: «Мифтах уль-джәнна», 38-39-бет.

Осы имамдардың сөздерін оқығаннан соң, адамдарға бірқұдайшылықтың мәнін түсіндіретін, олардың күмәндарын таратып, оларға осыны үнемі ескертетін және оларды түзететін білім иелерінің керек екендігі түсінікті болады.

Имам әш-Шаукани былай деген екен: «Бұл қара халықтың адасушылығының себебі олар ата-аналары мен ағайын-туыстарының арасында өмір сүріп, оларды осы сенімдерде екенін көріп, осы сенімдерді олардан қабылдап алуында. Адамдар бұл сенімдерді өздерінен алдыңғы аға буыннан алады: соңғылары алғашқыларынан… ал мәселенің мәнін ұғып түсінгендердің және білім иелерінің үнсізідігі, олардың әрекетсіздігі және оны адамдарға түсіндіруден бас тартуы, бұл адамдардың сол сенімдерде қала беруіне себеп болады». Қз.: «Адаб ут-таляб» 16-бет.

Сондай-ақ мыналарды оқуды ұсынамыз:

  1. Ханафи ғалымдары бірқұдайшылдық (таухид) туралы
  2. Ханафи ғалымдары «табарак» заттар туралы
  3. Ханафи ғалымдары ташахудта бармақты көтеру туралы
  4. Имам Абу Ханифаның тағдыр туралы айтқандары
  5. Төрт имамдардың ақидасы негізінде бір екендігі