• Бұрмалаулар,  Фиқһ мәселелері

    АБУ ХАНИФА МАЗҺАБЫНДА САҚАЛ ҚОЮ МІНДЕТТІ ДІНИ РӘСІМ (УАЖІП) БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

    Абу Ханифаның атақты шәкірттерінің бірі Мухаммад  бин әл-Хасан, Аллаһ оларды рахымына бөлесін, былай деп айтатын: «Бізге Абу Ханифа әл-Хайсамнан, ал ол болса Ибн Умардан, Аллаһ оған разы болсын, ол сақалын алақанымен жұдырығына қысып ұстап, жұдырықтан төменін (ұзынын) қысқартатынын баяндайтын». Әрі қарай Мухаммад бин әл-Хасан былай дейтін: «Біз де осы пікірді ұстанамыз, әрі БҰЛ АБУ ХАНИФАНЫҢ ПІКІРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ» («әл-Аасар» кітабы, 900). Атақты ханафи ғалымдарының бірі Ибн Абидин, Аллаһ оны рахымына бөлесін, былай деген:  «Сақалды жұдырықтан қысқа етіп қысқартуды, мұны кейбір мағриб тұрғындары мен әйелсымақ еркектер істейтіндеріндей,  ЕШКІМ РҰҚСАТ ЕТПЕГЕН» («әл-Хашия», 2/417).

  • Ақида,  Бұрмалаулар

    Наурыз – парсы отқа табынушыларының мерекесі, әрі ханафи мәзһабының ғалымдары оны тойлауға қарсы

    Соңғы жылдарда Орта Азияның, Кавказдың, Қазақстанның мұсылмандары тамыры отқа табынушылық (зароастризм) дінінен бастау алатын парсы отқа табынушыларының жаңа жылы – наурызды атап өтуде ерекше ынта танытып жатқаны Ислам дініне қызғанушылық танытатын жүректі қынжылтпай қалдырмайды. Осылайша, көптеген пәтуаларда Ислам сенімдері мен қағидаларына қайшы келеді деп сипатталған бұл «мейрам» әдет-ғұрыпқа сіңіп кеткен ырым-жырымдар мен исламға дейінгі қалдықтарды ұлттық салт-дәстүр деп танитындар үшін қазақтың этномәдениетін қайта жаңғыртумен байланыстырылатын болды.  Алайда бұл «мейрамды» қазақтың төл мерекесі деп атап жүргендердің сөздерін оның атауының өзі-ақ жоққа шығарып тұр. Өйткені  ол парсылардың «Нау (жаңа) руз (күн)» деп аталатын ежелден аталып келе жатқан мейрамы.  Ал бұл «мерекенің» мәнін түсіну үшін, және оның қазақтарға қай жақтан келіп енгенін білу…

  • Ақида,  Бұрмалаулар

    Қабір орындарын құлшылық-ғибадат орындарына айналдыруға тыйым салынғандығы туралы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он жетінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен 1-Бөлім. Кіріспе Өткен тарауларда біз көпқұдайшылықты енгізудің және таратудың көптеген сатыларын зерттеп шыққан болатынбыз. Біз Түркістанда, Арыстан Бабта, Бекет Атада т.с.с. жерлерге сапарлар мен жиналыстар ұйымдастырушылардың мақсаттарын, оны іске асыру құралдары мен көздерін түсіндік. Біз олардың дәйектерін қарап шығып, оларға жауап бердік, әрі осы орайда олар өз амалдарының басым бөлігінде ешқандай дәлелдерге сүйенбейтінін, бұдан қалса қасиетті мәтіндер мұндай амалдарды жасайтындарға қатысты тыйымдарға, қорқытуларға, лағынеттерге толы екеніне көз жеткіздік.

  • Ақида,  Бұрмалаулар

    Пайғамбарлар мен ізгі-салиқалы адамдар өмір сүріп, ғибадат жасаған жерлерде құлшылшылық-ғибадат етуге ұмтылу, оларды іздестіру және нақтылап белгілеп қою

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он алтыншы тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен 1-Бөлім. Жалпы ережелер Түркістанға, Бекет Атаға және тағы сол сияқты жерлерге сапарға шығатындар осы жерлерде ғибадат жасау Аллаһ үшін сүйіктірек және сауабының көптігімен артығырақ деген сенімге ие. Олар егер өздерінің елді-мекендеріндегі мешіттерде, немесе үйлерінде  ғибадат жасаса, онда Аллаһ Тағала олардың дұғаларын, намаздарын, тәубелерін т.с.с. ғибадаттарын қабыл ететініне ешқандай кепілдік жоқ деп есептейді.  Ал осы жерлерде, олардың айтуынша, Аллаһ Тағала олардың тәубелерін міндетті түрде қабыл етеді, оларды кешіреді және оларға разы болады. Ал неліктен олар осындай сенімдерге ие?! Өйткені олар осы жерлер оларда…

  • Ақида,  Бұрмалаулар,  Фиқһ мәселелері

    Қабірлерді әйелдердің зиярат етуі туралы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он бесінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Осыдан бұрын оқыған тараулардан өз елді-мекеніңдегі қабірді зиярат ету мен өзге елді-мекендегі қабірді зиярат етуге жолға шығудың арасында айырмашылық бар екендігі түсінікті болды. Мәселе: Түркістанға сапар ұйымдастырушылар ғалымдардың көпшілігі, соның ішінде имам Абу Ханифа да, әйел адамға кез-келген сапарға, тіпті бұл сапар ерікті қажылық секілді рұқсат етілген сапар болса да, жақын (махрам) туысқанысыз шығуға тыйым салатынына мүлде назар бұрмайды. Қз.: «Хашия ибн ‘Абидин» 2/465.

  • Ақида,  Бұрмалаулар

    Шариғат тарапынан құлшылық-ғибадат үшін белгіленбеген орындарға ғибадат ету үшін сапар жасау

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он төртінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Мынау – осы мәселеге қатысты ғаламтордан алынған кейбір үзінділер: 1. «Біздің кезімізде жыл сайын жүз мыңға жуық адамдар осы жерлерді зиярат етеді». 2. «Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі екінші Мекке болып саналады». 3. «Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады». 4. «Мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке деп, ал сол қасиетті жерлерге баруды Кіші қажылық деп санайды». Белгілі орындарға (қабірлерге, кесенелерге, молаларға, мешіттерге) сол жерлерде Аллаһқа құлшылық ету үшін сапар жасау мәселесі адамдардың «осы…

  • Ақида,  Бұрмалаулар

    Егер Құран мен Сүннетте белгілі бір орынның қасиетті екеніне нұсқау болмаса, оны қасиетті немесе киелі деп жариялау

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он үшінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Тараудың басында тағы да бір рет кейбір үзінділерді келтіреміз, оқырман бізді іс жүзінде жоқ нәрсе туралы сөз етіп жатыр деп ойламауы үшін. «Түркістан – халқымыздың рухани орталығы, мұсылмандар тәуап етіп келетін қасиетті жер…» «Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады».

  • Ақида,  Бұрмалаулар

    Түркістанды, Арыстан Бабты, т.с.с. жерлерді зиярат етушілердің сол жерлер мен сол жерлердегі заттардың қасиеттілігі және берекелі екендігі туралы сенімі

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он екінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Орта Азия мұсылман халықтарының арасында және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында мазарлар, кесенелер, ағаштар, тастар, тәспілер т.с.с. заттарды құт-берекелі, киелі деп қадірлеп-қастерлеу өте кең таралған. Адамдар осы заттар құтты сипаттарға ие және оларға қол тигізіп сипау арқылы осы құт-берекеден өзіңе де үлес  алуға болады деп есептейді. Мынау – Түркістанды, Арыстан Бабты зиярат етушілердің әсерлері туралы айтылған ғаламтордан алынған кейбір үзінділер:

  • Ақида,  Бұрмалаулар

    Адамдардың белгілі бір оқиғаның құрметіне белгілі бір жерде тұрақты және мерзімді түрде жиналуы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он бірінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Мынау – тараудың атында айтылатын нәрсенің орын алып жатқандығын дәлелдейтін ғаламтордан алынған кейбір үзінділер: «Түркістанда   орта ғасырдан   бүгінге  жеткен   танымал  өнер  туындысы — Тайқазанның      елге оралуының   20 жылдығы  атап өтілді. Қалада  өткен  салтанатты шараларға тарихшылар, мәдениет қайраткерлері, жастар өкілдері   шақырылды. 1935 жылы қазанды Санкт-Петербордағы атақты мұражай Эрмитажға, Иран шеберлерінің III-халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрған  Тайқазан 1989 жылы, қыркүйектің 18-де ғана елге  қайтарылды. Бұл күнде Тайқазан ғасырлар бойы мемлекетіміздің жүрегі саналып келген, рухани астанамыз – киелі Түркістан қаласындағы әулиелердің сұлтаны Құл Қожа Ахмет…

  • Ақида,  Бұрмалаулар

    Адамдардың кейбір заттар, жерлер және уақыттар физикалық тұрғыдан берекеге ие (табарак) деген сенімдері

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының оныншы тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Көпқұдайшылықтың келесі көптеген сатыларының пайда болуының себебі Құран мен Сүннетте дәлел болмаса да, адамдардың «кейбір заттар, жерлер немесе уақыттар  құт-берекеге ие және берекелді» деген сенімдері болып табылады. Көптеген адамдар егер жердің қандай да бір бөлігінде әлдебір кезде қандай да бір атаулы оқиғалар орын алған болса (мысалы, маңызды шайқастағы жеңіс немесе бір салиқалы адамның осы жерде өмір сүріп ғибадат етуі), онда осы жер киелі және қасиетті болып, иләһи (құдайлық) құт-берекеге ие болады деп тұжырымдайды. Тура сол қате тұжырым басқа да: тастар, ағаштар, ғимараттар, құдықтар,…