• Ақида

    Адамдарға көпқұдайшылықтың мәнін және оның түрлерін жан-жақты түсіндіру қажеттілігі туралы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының екінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз шақыруының барлық уақытын көпқұдайшылықтың мәнін және оның түрлерін түсіндіруге бағыштады.  Ол оны түсіндірудің және одан сақтандырудың маңыздылығын басқа күнәлардың қауіптілігін түсіндірудің маңыздылығынан жоғарырақ қойды. Мұның себептері келесіде еді:

  • Ақида,  Әдіснама

    Бірқұдайшылыққа шақыру және адамдарға бірқұдайшылықтың мәнін егжей-тегжейлі түсіндіру қажеттілігі туралы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының бірінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Аллаһ Тағала адамдарға бұйырған және Оның Елшісі Мухаммад шақырған нәрселердің ең маңыздысы әрі ең ұлысы бірқұдайшылық (таухид) болып табылады. Ал Аллаһ Тағала Өзінің жаратылыстарын сақтандырып ескерткен және тыйым салған, әрі Оның Елшісі  оған қарсы күрескен ең қауіпті және қорқынышты нәрсе – бұл көпқұдайшылық (ширк).

  • Ақида

    Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Оқырмандарымыздың назарына сайтымыздың  редакциясы тарапынан құрастырылған «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат ететін жол» атты көлемді әрі Аллаһ қаласа пайдалы еңбегін ұсынамыз. Кітап Түркістандағы, Бекет Атадағы, басқа да жерлердегі қабірлерге, әруақтарға, әулиелерге,  жалған қасиетті орындарға және киелерге сиыну  рәсімдері жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етуді насихаттайтын Ислам дініне қайшы келетінін Құран мен Сүннет мәтіндеріне және ханафи мәзһабының ғалымдарының сөздеріне сүйеніп, ғылыми түрде дәлелдеп береді және сол жерлерде орын алып жатқан келеңсіз құбылыстардың көпқұдайшыл және дінбұзар мәнін түсіндіреді.

  • Ақида,  Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (14)

    Қабірге қарап намаз оқуға тыйым салынғандығы туралы «الصَّلاَةُ تُجَاهَ القَبْرِ»   Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):  «لا تُصَّلُّوا إِلى القُبُورِ، وِلاَ تَجْلِسُوا عَلَيْهَا»  «Қабірлерге қарап намаз орындамаңдар және олардың үстіне отырмаңдар», — деп, намазды қабірге қарап орындауға тыйым салатын.[1] [1] Сол жерде. Толығырақ танысу үшін менің «Тахзир әс-сәжада» («Ғибадат етушіні қабірлерді намаз орындау орындары ретінде таңдаудан сақтандыру») және «Әхкам әл-Жәна’из уа бидауһа» («Жаназа рәсімдері және онымен байланысты діни бидғаттар»). жалғасы бар

  • Ақида,  Ғалымдармен танысу

    Абу Мансур әл-Матуруди деген кім?

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Содан соң: Бүгінгі күні  имам Абу Мансур әл-Матурудидің есімін көптеген мұсылмандар тілге алып жүр, әрі оның танымал болғаны соншалықты – тіпті діннен хабары жоқ адамдар да ол туралы естіген болуы әбден ықтимал. Әсіресе бұл құбылыс орыс және  қазақ тілді мұсылмандардың арасында ерекше байқалады. Мұның себебі ТМД елдері мұсылмандарының Діни Басқармалары мұсылмандарға фиқх мәселелерінде ханафи мазхабын, ал ақидада (сенім жүйесінде) матуруди мазхабын міндеттеуге тырысуында. Алайда осы орайда «Есімі төңірегінде осыншама у-шу көтерілген және соншама ізбасарлары болған Абу Мансур әл-Матуруди кім өзі?» деген сұрақ туындайды.

  • Ақида

    Ханафи ғалымдары ата-бабаларды шектен тыс құрметтеу туралы

    Ханафи имамы Шукри әл-Алюси (1342 х/ж) былай деді: «Жаратылыстардан кімді болсын құрметтеудегі артық кетушілік (нысапсыздық) пұттар мен ізгі адамдарға табынуға алып баратын ең басты себеп болып табылады.  Дәл сол ізгі-салиқалы адамдарды шектен тыс құрметтеу Нух қауымы адамдарының  Насқа, Суағқа, Яғусқа және басқаларға табынуына алып келді. Сол сияқты христиандар да дәл осы себепті Исаға сыйына бастады». Қз.: «Масаиль джахилия» 71-72-беттер. Осыдан шыға келе, адамның өз ата-бабаларына деген қатынасы үш түрлі болуы мүмкін: 1) әсерсіздік (қызықпаушылық), қатыссыздық және парықсыздық таныту; 2) оларды құрметтеуде шариғатта бекітілген заң-ережелерден артық кетушілік және шектен шығушылық таныту; 3) бұл мәселеде орташылдық таныту. Әсерсіздік (қызықпаушылық), қатыссыздық және парықсыздық таныту дінімізде тыйым салынған. Егер адам ата-анасына және ата-бабасына қатысты…

  • Ақида

    Ханафи ғалымдары Бірқұдайшылық (әт-Таухид) туралы

    Ханафи мәзһабының ең ұлы имамдарының бірі — имам Ибн Әбил-‘Изз әл—Ханафи (792 х/ж) былай деген: «Құранның сүрелерінің басым бөлігі бірқұдайшылық түрлерінің мәні туралы айтады, бұдан қалса, бұл туралы оның барлық сүрелері айтады.  Ардақты Құран не Аллаһ туралы, яғни Оның Есімдері, Сипаттары және Іс-Әрекеттері жайында баяндайды, ал бұл Аллаһ Тағаланы танудағы бірқұдайшылық болып табылады, не Аллаһқа ешкімді (ешнәрсені) серік қоспаған күйде бір Оған ғана құлшылық етуге және Одан басқа кімге (неге) болса да құлшылық қылудан аулақ болуға шақырады. Ал бұл — құлшылықтағы бірқұдайшылық. Немесе Құран игі істер туралы баяндап, жаман істерге тыйым салады, және бұл – бірқұдайшылықтың хақысы және көркі. Немесе Құран бірқұдайшылдардың көретін игі сыйы мен Аллаһ Тағаланың қалайша оларды…

  • Ақида

    Ханафи ғалымдары «Лә иляһә иллә-Ллаһ» куәлігінің мағынасы туралы

    «Лә иләһә иллә-Ллаһ» куәлігі – «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім (ешбір құдай) жоқ» дегенді білдіреді. Аллаһ Тағала былай деді: «Біл, Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ…» (Мухаммад, 19). Аллаһ сондай-ақ былай деді: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Ол тірі, толық Меңгеруші» (Әли Имран, 2). Бұл аяттың мағынасы жалғыз Аллаһ қана құлшылық етуге лайықты құдай екендігінде. Бұл сөз құлшылық жасалатын кез келген өзге шынайы құдайдың болуын жоққа шығарады. «Иллә-Ллаһ» («Аллаһтан басқа») сөзі Аллаһтың билік құруда теңдестері жоқ болғандығы сияқты, Оның құлшылық етуде де ешбір серігі жоқ дегенді білдіреді.

  • Ақида

    Ханафи ғалымдары Аллаһтан өзгелерге жалбарыну (дұға ету) туралы

    «(Мухаммад) оларға: “Аллаһтан өзге (құдай деп) ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың қиыншылықтарыңды айықтыруға, немесе сендерден басқаларға бұрып жіберуге шамалары келмейді”, — де» (әл-Исра, 56). Ханафи мазхабы өкілдерінің ең танымал еңбектерінің бірі болып саналатын «әд-Дурр әл-Мухтар» кітабында (2/630) сөзбе-сөз былай деп айтылады: «Абу Ханифаның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһқа тек Оның Өзі арқылы дұға етіп жалбарыну керек. Бізге рұқсат етілген және оқу әмір етілген дұғалар туралы Аллаһ Тағаланың мына сөздерінде айтылады: «Ең көркем есімдер Аллаһқа тән. Сондықтан Оған солар арқылы жалбарыныңдар…».

  • Ақида

    Ханафи ғалымдары «қасиетті» («табарак») заттар туралы

    Орта Азия мұсылман халықтарының арасында және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында мазарлар, кесенелер, ағаштар, тастар, тәспілер т.с.с. заттарды «қасиетті» деп сыйлап-қастерлеу өте кең таралған. Адамдар осы заттар қасиетті сипаттарға ие және оларға қол тигізіп сипау арқылы осы қасиеттіліктен өзіңе де үлес  алуға болады деп есептейді. Ханафи мазхабының имамдары  мұның барлығының тыйым салынғандығы туралы айтқандарына қарамастан, жоғарыда аталған іс-әрекеттер іске асуда.  Бұл іс-әрекеттердің кейбіреулерін ханафи ғалымдары көпқұдайшылық, ал кейбіреулерін көпқұдайшылықтың есігі деп атаған. Қз.: «Зиярат уль-қубур» 42-бет; «Мажалис уль-абрар» 129-130-бет; «Нафаис уль-Азхар» 161-бет; Ибн Туркумани «әл-Люма’» 1/52; «Фатх уль-Маннан» 445, 521-522-беттер; «Ғаят уль-Амани» 1/297-298; «Мифтах уль-джанна» 47-бет.