Фиқһ мәселелері

ПАЙҒАМБАР (ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) НАМАЗЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ (6)

Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз.

Намаз кезінде тік тұру (қийям)

«القِيَامُ»

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағаланың

وَقُومُواْ لِلّهِ قَانِتِي  

 «Аллаһтың алдында мойынсұнған күйде тұрыңдар!» («әл-Бақара» сүресі, 238-аят) деген нұсқауын орындап, (намазда) тік тұратын.

Ал сапарда болған кезінде ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қосымша намаздарды көлігінің үстінде отырып орындайтын.

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), бұл туралы жоғарыда ескертілгендей, үмметіне қауіп-қатер (жағдайындағы) намазды тұрып немесе көлік үстінде отырып орындау керек екендігіне нұсқады. Дәл осыған байланысты Аллаһ Тағала:

حَافِظُواْ عَلَى الصَّلَوَاتِ والصَّلاَةِ الْوُسْطَى وَقُومُواْ لِلّهِ قَانِتِي{238 فَإنْ خِفْتُمْ فَرِجَالاً أَوْ رُكْبَانًا فَإِذَا أَمِنتُمْ فَاذْكُرُواْ اللّهَ كَمَا عَلَّمَكُم مَّا لَمْ تَكُونُواْ تَعْلَمُونَ

 «Намаздарға, (әсіресе) орта (аср[1]) намазға, сақтық істеңдер де, Аллаһқа бой ұсынған түрде тұрыңдар. Ал егер қауіп-қатерде болсаңдар, жаяу немесе көлікте (бет алған жаққа ишарамен оқыңдар). Қашан бейбіт болсаңдар, сендерге білмегендеріңді үйреткеніндей Аллаһты зікір етіңдер» («әл-Бақара» сүресі, 238—239), — деген.

«Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болуының алдындағы  ауруымен ауырған кезінде намазды отырып орындаған»[2].

Ол бұрын да осындай жағдайларда намазды солай орындайтын. Мысалы, «аурудан қиналған кезінде[3] намазды отырып орындады, ал сол уақытта оның артында ұйып тұрған адамдар намазды тұрып орындап жатты. Ол оларға отыруды ымдап бұйырды да, олар (намаз оқыған күйлерінде) отырды. (Намазды) аяқтап, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:

«إنْ كِدّتُم آنِفاً لَتَفعَلُونَ فِعْلَ فَارِسٍ وَالرُّومِ؛ يَقُومُونَ عَلَى مُلُوكِهِم وَهُمْ قُعُودٌ ، فَلاَ تَفْعَلُوا، إِنَّمَا جُعِلَ الإِمَامُ لِيُؤْتَمَّ بِهِ؛ فَإِذَا رَكَعَ فَارْكَعُوا، وَإِذَا رَفَعَ فَارْفَعُوا، وَإِذَا صَلَّى جَالِساً فَصَلُّوا جُلُوْساً [أَجْمَعُونَ]».

 «Қазір ғана сендер өздерінің отырған патшаларының алдында тұрып тұратын парсылар мен византиялықтар істейтін амалын істейін дедіңдер. Бұлай істемеңдер, өйткені имам басқалар (намазда) оған ілесу үшін тағайындалады. Егер ол рукуғ жасаса — сендер де рукуғ жасаңдар, егер ол (басын) көтерсе — сендер де көтеріңдер, ал егер ол намазды отырып орындаса – сендер де намазды отырып орындаңдар!»»[4]


[1] Ғалымдардың, — Абу Ханифа мен оның екі шәкіртін қосқанда, — басым бөлігінің ең дұрыс пікіріне сәйкес, бұл жерде екінті  (’аср) намазы меңзеліп тұр. Бұл пікірді растайтын хадистерді Ибн Касир өзінің «Құран тәпсірінде» келтіреді.

[2] Әт-Тирмизи, әрі ол бұл хадисті сенімді деді және Ахмад.

[3] Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) аттан құлап, оң жамбасын ауыртып алғандығынан біраз қиналып жүрді (Аудармашының ескертпесі).

[4] Әл-Бухари, Муслим. Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (№394) кітабында келтірілген.

жалғасы бар