Имамның өмірі

Имамның өз ата-анасына деген құрметі мен ілтипаты туралы

Имам Абу Ханифаның өз ата-анасына ерекше ілтипат танытуына оның Аллаһқа олар үшін дұға етуі және олар мен шейхы Хәммадты кешіруін тілеуі, сондай-ақ олардың атынан ай сайын жиырма динар садақа беруі нұсқайды.

Абу Ханифаның анасы оның әкесінен көбірек өмір сүрді, ал имамның оған құрметпен қарауы туралы әл-Кардаридің  Хәжар бин Абд әл-Жәббар әл-Хадрамиден жеткізген мына сөздері растайды: “Имам былай депті: “Біздің мешітіміздің жанында Зур‘а есімді бір қиссашы тұратын. Бірде менің шешем діннен бір нәрсе сұрағысы келді де, бұл жөнінде менен сұрады және мен оған жауап бердім, алайда ол: «Мені тек Зур‘а берген жауап қана қанағаттандырады», — деді. Сонда мен оны оған алып бардым да, оған: «Менің шешем пәлен мәселе бойынша сенің пікіріңді білгісі келеді», — дедім. Ол оған мен айтқан нәрсені айтты, ал ол разы болып қалды”.

Әс-Сәймари әл-Хасанның имам былай деп айтты деген сөздерін жеткізген: “Мен үшін мені сабап тастаған кездегі анамның шеккен қайғысынан ауырырақ еш нәрсе болмады. Сол кезде ол маған: «Уа, Нуғман, ақиқатында, сені осыған дейін жеткізген білім одан қашуға лайықты», — деді, ал мен: «Мен бұл білімді бұл дүние үшін емес, Аллаһ үшін алдым», — дедім”.

Имамның анасы одан көбірек өмір сүрген тәрізді. Аллаһ Тағала имамды, оның ата-анасын рахмет етсін және оларға разы болсын.

Сондай-ақ мыналарды да оқуды ұсынамыз:

Абу Ханифаның туылуы, толық аты және нисбaсы

Имамның білім алу жолына түсуі

Имам Абу Ханифаның шейхтары

Имамның Аллаһ Тағалаға құлшылық етуі

Имамның адамдармен қарым-қатынасы