Имамның өмірі

Имамның, Аллаһ оны рахым етсін, қайтыс болуы

Әл-Мууаффақ Абу Йусуфтың былай деп айтқанын жеткізеді: «Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, хижра бойынша 150 жылдың шәууал айында қайтыс болды».

Әл-Мууаффақ Абу Хаййян әз-Зийадидің былай дегенін жеткізеді: «Абу Ханифа өлімі жақындағанын сезген кезде, сәжде жасағаны және сол кезде оның жаны тәнінен айырылғаны маған жетті».

Имамды соңғы сапарға шығарып салуға жалпы саны елу мыңға жеткен өте көп адамдар жиналғандығы туралы деректер айтылған.

Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтатын: «Ақиқатында, Аллаһ жай Өзінің құлдарын білімнен айырып қана білімді алып кетпейді, бірақ Ол білімділерді алып кетіп, білімді алып кетеді. Ал Ол бірде-бір ғалымды тірі қалдырмаған кезде, адамдар өздеріне надан жетекшілерді сайлай бастайды. Оларға сұрақ қояды, ал олар білімге ие болмай пәтуа шығарады, нәтижесінде өздері де жолдан таяды, өзгелерді де адастырады!» Әл-Бухари 100, Муслим 3/737.

Салиқалы сәлафтар: «Ғалымның өлімі – қайғы және бүкіл бір халықтың өлімінің маңызы бір ғалымның өліміне қарағанда төмендеу!» Қз.: «Мифтаху дари-сса’ада» 1/68.

Хәллал ибн Хәбаб бірде Са’ид ибн Жубайрдан: «Уа, Абу Абдуллаһ! Адамдарға қашан опат келеді?!», — деп сұрады. Ол: «Ғалымдар жойылған кезде!», — деп жауап берді.  Әд-Дәрими 251.

Зәйд дүниеден өткен кезде Ибн Аббастың жылағаны хабарланады, өйткені білім иелерінен болған адам өлген еді. Ал ол Зәйдтің табытын көтерген кезде, оның басынан сәлдесі түсті және ол оны Зәйдті жерлеп болмайынша түземеді.  Зәйдты жерлеп болған соң, Ибн Аббас оның қабірінің үстіне тұрды да бір нәрсе деп айтпақ болды, бірақ тұтылып қала берді. Кейін ол жылап жіберді де: «Кім Аллаһтың қалайша білімді алып кететінін көргісі келсе, қарасын. Міне, Аллаһ өстіп, ғалымдардың өлімі арқылы білімді алып кетеді!», — деді. Әт-Табарани 5/109, Ибн Са’д 2/361.

Аллаһ Тағаладан имам Абу Ханифаны кешіруін, рахым етуін және оны Жәннатпен сүйіншілеуін сұраймыз!

Сондай-ақ мыналарды да оқуды ұсынамыз:

Абу Ханифаның Бірқұдайшылық туралы айтқан сөздері

Ханафи мәзһабы тәуассул және истиғаса туралы

Имам Абу Ханифаның тағдыр туралы айтқан сөздері

Имам Абу Ханифаның иман туралы айтқан сөздері

Имам Абу Ханифаның сахабалар туралы айтқан сөздері

Имам Абу Ханифаның кәламмен (діни пәлсапамен) айналысуға және дін туралы айтыс-тартыстарға берілуге тыйым салғаны туралы