Абу Ханифа (оны Аллаһ рақым етсін) қырық жыл бойы таң намазын құптан намазынан алдын алынған дәретті сақтай отырып оқыды ма?

(Шейх М.Н. әл-Әлбанидідің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы» кітабынан үзінді)

««Абу Ханифа (оны Аллаһ рақым етсін) қырық жыл бойы таң намазын құптан намазынан алдын алынған дәретті сақтай отырып оқыды», — деп баяндалатын қиссамен өз-өзіңді адасушылыққа салуға болмайды. Өйткені ол туралы бұл деректің ешқандай негізі жоқ. Атақты Ислам ғалымы — имам әл-Файрузабади «Әр-Радд ‘алә әл-Му’тарид» (44/1) кітабында былай деп жазады: «Бұл хабардың өтірік болып табылатыны соншалықты, оны имамға телуге мүмкін емес, өйткені (онда баяндалатын) нәрсенің ешқандай игілігі жоқ, ал имам сияқты адамдарға бұдан да жақсы амалдар жасау лайық еді.  Күмәнсіз, әр намаздың алдында дәретті жаңартып алу жақсырақ және кемелдеу (амал) болып табылады. Бұл, тіпті «ол қырық жыл бойы түнді түгелімен ұйықтамай (намазда) өткізді» деген сөз шындық болған жағдайда да, ақиқат болып табылмайды! Бұл дерек Абу Ханифа және басқа (ұлы адамдар) туралы осындай нәрселерді ойдан тоқитын кейбір өте надан фанатиктер ойлап тапқан өтірік сөздер қатарынан, ал іс жүзінде мұның барлығы өтіріктен басқа еш нәрсе емес»».