«Абу Ханифа мирасы» сайты редакциясының мәлімдемесі

Соңғы уақытта интернет желісіндегі әлеуметтік тораптарда біздің сайтымызды және оның Кітап Сөресіндегі әдебиеттерді уаһһабилікке, экстремистік бағыттағы әлдебір ағымдар мен лаңкестік әрекеттерімен танылған тұлғалар (мысалы, Надир Абу Халид Дагестани немесе т.с.с. басқалар) мен (ИГИЛ, немесе сол сияқты) ұйымдарға негізсіз байланыстыруды қалап, жала жабылып жатқан және өтірік хабарлар таратылып жатқандығына байланысты біз оқырмандарымызға және қалың жамағатқа сайтымыздың экстремизм  мен ланкестікке қарсы айқын ұстанымға ие екендігін екендігін мәлімдейміз. (Сөзге орай айта кетеріміз — біз осы Надир Абу Халид деген адам бар екенін интернеттегі бізге оны негізсіз қатысты етіп, жала жауып жатқандардан ғана білдік).

Біз қазіргі заманның хауариждері саналатын ИГИЛ, «ихуанул муслимин», «жихад пен такфир» т.б. сол сияқты кез-келген лаңкестік, такфиршілдік, қарақшылық, бүлікшілік  сипаттағы ұйымдарға да, осындай көзқарастарға ие тұлғаларға да өзіміздің қатыссыздығымызды білдіреміз. Әрі егер біздің материалдарымызды әлдебіреулер осындай сипаттағы интернет сайттарында жариялап жатса, бұл біздің оларға қатыстылығымызды білдірмейтінін ерекше атап айтамыз, өйткені біздің материалдарымызға кез-келген адам қол жеткізе алады. Біздің сөздеріміздің дәйекті екеніне көз жеткізу үшін, Кітап сөреміздегі ««Ислам террорға қарсы» сайтының материалдары» атты папкадағы және www. anti-irhab.kz сайтмыздағы жиналған материалдарды оқысаңыз болады.

Ал Исламмен және Сүннетті ұстанушылар жолымен мүлде үйлеспейтін, қиянатшылдықпен адам өлтірулерді және үрей салумен қоса жасалатын осындай жексұрын қылмыстарды жасап жүргендер, олар өздерін кім деп атаса да, асыл дініміздің оларға ешқандай қатысы жоқ бұзақылар, қылмыскерлер, қарақшылар болып табылады, әрі қатаң сөгіс пен Аллаһ Тағаланың шариғатына сәйкес жазалануына лайықты. Әрі біз де, кез-келген ақыл-санасы сау мұсылмандар қатарында, олардың мұндай іс-әрекеттеріне қатысты өз наразылығымызды, жек көруімізді білдіреміз, әрі Аллаһ Тағаладан олардың жамандығынан біздің елімізді де, барша мұсылмандарды да қорғауын сұраймыз.

«Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы